Редакция таңдауы
Инватакси қызметіне өзгерістер енгізіледі: Жаңа талаптар қандай?
Көлік министрлігі жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі. Құжат мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көлік қолжетімділігін арттыруға, қызмет сапасын жақсартуға және талаптарды қазіргі жағдайға бейімдеуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
14 Сәуір, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: Балалар құтқарылды
13 сәуір кешкі сағат шамамен 21:27-де Астанадағы Нұра ауданы Күлтегін көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйден өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.
14 Сәуір, 2026
Еріктілер еңбегі қалай бағаланады?
Қоғам мейірімді, жомарт жандардан кенде емес. Бірі игі ісімен, енді бірі жылы сөзімен айналасындағы жұртқа жанашырлық танытып жүр. Әлемде осындай 860 млн волонтер бар. Ал елімізде осыдан жеті жыл бұрын белсенді еріктілер 50 мың болса, қазір олардың қатары 300 мыңға жетті. Мұндай статистика волонтерлік қызметтің кең таралғанын, осы бағыттағы қажеттілікті көрсетеді.
14 Сәуір, 2026
Зейнетақы қорындағы қаражат бейберекет жұмсалмауға тиіс
Кейінгі бес жылда ел азаматтарына зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржыны өз қажетіне жұмсауға мүмкіндік берілді. 2021 жылғы ақпаннан бері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 5,7 трлн теңге мерзімінен бұрын шешіп алынған. Алайда бұл қадам тұрғын үй бағасының қымбаттауына, инфляцияның үдеуіне әсер етті. Бастапқыда «артықшылық» ретінде ұсынылған мүмкіндікке халықтың небәрі 10–20 пайызы ғана қол жеткізсе, баспана бағасының өсуі көпшілікке ортақ салмақ салды.
14 Сәуір, 2026
Ертіс-Баян өңірінде өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан болатын кісі өлімі азаймай тұр. Кейінгі үш жылда 20 адам көз жұмған.
14 Сәуір, 2026
Кәсіптік оқыту платформасына сұраныс
Биыл жыл басынан бері 36,1 мың азамат, оның ішінде 16,7 мыңға жуық жұмыссыз «Skills Enbek» кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курс оқып, сертификат алды. Платформада барлығы 1,3 миллионнан астам адам тіркелген.
14 Сәуір, 2026
Шикізаттан дайын өнімге: Экономиканың жаңа моделі
Ертіс бойы шетелдік инвесторлар көз тіккен экономикалық тиімді алаңға айналып отыр. Қазір өңірдің инвестициялық пулында жиынтық сомасы 7,4 трлн теңгеге 140 жоба бар. Бұл көрсеткіш облыстың ғана емес, тұтас еліміздің дамуына жан-жақты ықпал ететіні анық.
14 Сәуір, 2026
Екі жылдан бері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары өңірдегі күріш жүйелерінің тұзды топырағында дәндік құмайдың сорттарын сынақтан өткізіп келеді. Гранттық қаржыландыру негізінде жүзеге асатын ғылыми жоба аясында әзірше былайғы жұртқа беймәлімдеу құмай дақылының отандық, шетелдік сорттарынан аймақтың қатал агроклиматына төзімді, инновациялық жоғары өнімді генотиптері іріктеліп келеді.
14 Сәуір, 2026
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнестің ғылыми еңбектерінің таныстырылымы өтті. Іс-шараны Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Арыс» баспасы және Ұлттық академиялық кітапхана бірлесіп ұйымдастырды.
14 Сәуір, 2026
Бес жылдан бері елде тауарларды цифрлық таңбалау жүріп жатыр. Сарапшылардың пікірінше, мұндай тәсіл көлеңкелі экономикадан миллиардтаған қаражатты шығаруға көмектеседі. Сауда және интеграция министрінің бұйрығына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19 атаудан 31-ге кеңейтілді. Басты мақсат – тауар қозғалысын цифрлық ізге түсіріп, нарықты сапасыз тауарлардан тазарту.
14 Сәуір, 2026
Көпвекторлы сыртқы саясат тағылымы
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық байланыстарын жолға қойып, сыртқы саясатын пәрменді түрде жүргізіп келеді. Алыс және жақын шетелдермен дипломатиялық қатынасын әрі экономикалық, мәдени байланыстарын күшейтіп, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарынан көрінді. Қазіргі уақытта 140-қа жуық елмен қарым-қатынасымыз оң жолға қойылған. Тәуелсіздік жылдарында 56 елде 75 шетелдік өкілдік, 45 елшілік, 6 дипломатиялық уәкілдік, 8 бас консулдық пен 6 консулдық ашылды.
14 Сәуір, 2026
Биыл Қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына 65 жыл толып отыр. Сонымен қатар ғарыш туризміне ширек ғасыр толды. Осыған орай елордадағы Президенттік орталықта «Кеттік! 65 жыл бұрын...» атты архивтік-иллюстрациялық көрме ашылды.
14 Сәуір, 2026
Германия ядролық энергетикаға орала ма?
Германияның экономика және энергетика министрі Катерина Райхе елдің ядролық энергетиканы тоқтату туралы шешімін қайта қарауға шақырды. Өйткені Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс газға тәуелділікті арттырып жіберді.
14 Сәуір, 2026
Ажырасу тәртібін қатаңдату қажет
Елде ажырасуға ниет білдірген жұптарға медиацияны міндеттеу керек. Президент жанындағы отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашеваның қатысуымен өткен басқосуда сарапшылар осындай тұжырымға келді. Олардың айтуынша, бұл қадам ерлі-зайыптылардың сотқа жетпей, өзара келісімге келуіне ықпалдасады.
14 Сәуір, 2026
Балқаштан Алматы мен Астанаға тікелей рейстер іске қосылады
Биыл маусым мен тамыз аралығында Алматы – Балқаш – Алматы бағыты бойынша тікелей әуе рейсі іске қосылады. Әуе рейсін аптасына бес рет SCAT Airlines әуе компаниясы орындайды, деп жазады Egemen.kz.
13 Сәуір, 2026
Жылдамдықты 59 рет асырған: Астанада Porsche жүргізушісі қамауға алынды
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты Porsche көлігінің жүргізушісіне қатысты мемлекеттік тәртіпті бұзу фактісі бойынша істі қарап, оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Жүргізуші қала орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде бағдаршамның тыйым салған (сары) сигналына мән бермей, 133 км/сағ жылдамдықпен қозғалған, деп жазады Egemen.kz.
13 Сәуір, 2026
«Қазсушар» филиалдарына 130 жаңа мотоцикл берілді
Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» филиалдарының техникалық паркін жаңарту мақсатында жалпы саны 130 мотоциклді өңірлерге табыстады. Қозғалтқыш көлемі 250 текше сантиметр болатын жаңа техника су шаруашылығы мамандарының жұмысын жеделдетуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
13 Сәуір, 2026
Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Қостанай облысында ірі жол апаты болып, салдарынан төрт адам көз жұмды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
13 Сәуір, 2026
Елімізде қар жауып, күн күрт суытады
«Қазгидромет» 14,15 және 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде ел аумағында аяз болып, ауа температурасы 8 градусқа дейін төмендейді, деп жазады Egemen.kz.
13 Сәуір, 2026
Бибісара Асаубаева «Үміткерлер турнирінде» үздік үштікке енді
Кипрдегі «Үміткерлер турнирінің» 11-турында Бибісара Асаубаева қытайлық Тань Чждунъимен тең ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Сәуір, 2026