Редакция таңдауы
Жаңа дәуір педагогі – қоғамның басты айнасы
5 қазан күні әлемнің 100-ден астам елінде ұстаздарға құрмет көрсетіліп, олардың кәсіби мерекесі аталып өтеді. Бұл ұстаздың барша адамзат үшін биік беделге ие екенін айқындайды.
04 Қазан, 2025
Белград музейінің жәдігерлері Алматыға жетті
Алматы музейінде «Серб әйелі: ғасырлар тоғысында» деп аталған өнер көрмесі есік ашты. Қоғамдағы әйел мәртебесін асқақтатып, Сербия тарихы мен мәдениетінің бірегей мұрасын айшықтаған айтулы жобаның ашылу салтанатына Сербияның бірінші ханымы Тамара Вучич, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, достық қарым-қатынастағы қос елдің рухани байланысын дәнекерлеген зиялы қауым қатысты.
04 Қазан, 2025
Ынтымақтастық аясындағы басқосу
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен кездесті. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі арттыруға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, екі елдің парламентаралық іс-қимылының басым бағыттарына назар аударды.
04 Қазан, 2025
Күн тәртібінде – Мемлекет басшысының тапсырмалары
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қоғамдық палата мүшелерімен кездесіп, Президенттің бастамаларын жүзеге асыру барысын және алдағы кезеңнің күн тәртібін талқылады. Іс-шараға Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев қатысты.
04 Қазан, 2025
Бүгінде халқымыз қалалық ұлтқа айнала бастағандықтан, бала мен шаһар тақырыбы өзектілігін жойған жоқ. Белгілі балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымның «Тұнжыр» хикаятында қалада өсіп келе жатқан жасөспірімдердің өмірі мен басынан кешкен шым-шытырық оқиғалар суреттелген.
04 Қазан, 2025
Мұғалімдер күніне қандай сыйлық жасауға рұқсат етіледі
Елімізде 5 қазан – Мұғалімдер күні ретінде аталып өтеді. Бұл мереке ұстаз еңбегіне құрмет көрсетудің айрықша күні. Әдетте мереке қарсаңында ата-аналар мен оқушылар арасында «мұғалімге қандай сыйлық жасауға болады?» деген сауал жиі қойылады. Көпшілік гүл сыйлауды дәстүрге айналдырғанымен, оның да белгілі бір заңдық шектеулері бар, деп жазады Egemen.kz.
03 Қазан, 2025
Қазақстанда тұмауға қарсы жаппай вакцинация басталды
Елде тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Биыл «Гриппол плюс» вакцинасының екі миллионнан астам дозасы сатып алынды. Бұл шамамен халықтың 11 пайызын қорғауға жеткілікті. Ең алдымен екпе балаларға, қарттарға, жүкті әйелдерге, медицина қызметкерлеріне және әскерилерге салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz 24kz телеарнасына сілтеме жасап.
03 Қазан, 2025
Digital Bridge – 2025: Адамзат дамуының ендігі бағдары ЖИ-ге тікелей байланысты
Астанада Digital Bridge – 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форумның пленарлық отырысында cөз сөйлеп, осынау іргелі іс-шараға қатысуға арнайы келген меймандарға ризашылығын білдірді. Жиынға елімізге ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок пен high-tech индустриясының белгілі өкілдері қатысты.
03 Қазан, 2025
Қазақ-мажар достығы ғасырлар қойнауынан тамыр тартады
Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен кездесті. Ақордада өткен Мажарстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімінде мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырып, Құрмет қарауылы ротасының бастығы президенттерге рапорт берген соң, екі елдің әнұраны шырқалды. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок келіссөз залына барды.
03 Қазан, 2025
Көші-қон саласындағы ынтымақтастық
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның кезекті отырысы өтіп, сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады.
03 Қазан, 2025
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, кейінгі жылдары тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымды дамытуға жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған ауқымды жұмыс қолға алынды. Алдағы уақытта осындай бастамалар жүйелі жалғасып, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру, жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсыну, ауылдарды өркендету мәселесі басты назарда болады.
03 Қазан, 2025
Парламенттік реформа саяси жүйенің маңызын арттырады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауы – еліміздің жаңа тарихи дәуірге қадам басқанын білдіретін стратегиялық маңызға ие құжат. Онда еліміздің беделін нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ілгерілетуге қатысты ұстанымдарымыз көрініс тапқан.
03 Қазан, 2025
Жүрек не дейді, жұрт не дейді?
Жазбағымыз ет пен сүйек жыры. Абай «ет жүрексіз, ерніңнің айтпа сөзін» деп дүниенің хикметін жалғыз ауыз лепеске арқандап қойғандай көрінеді де тұрады. Осы шумақты оқып, жан-тәнімен сезіну өз алдына, онымен өмір сүрген жанның өмірін біз қазір көрмек түгілі елестете аламыз ба? Қандай да бір мәселе, әлдебір тақырыпты байыптай келгенде, Абайға тіреле беретініміз де осыдан шығар мүмкін.
03 Қазан, 2025
Елімізде мектеп директорлары тапшылығы үш есе азайған
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» стратегиялық жобасы 2023 жылдан бері іске асырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан жоба басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қазан, 2025
Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форумның пленарлық отырысында cөз сөйлейді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
02 Қазан, 2025
ТМД радиоактивті материалдарды тасымалдауға бақылауды күшейтті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Жиында депутаттар ТМД елдерінде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау және Қазақстан мен Түрікменстан үкіметтері арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімдерді ратификациялады.
02 Қазан, 2025
Жасанды интеллектіні білім жүйесіне енгізу басымдығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді.
02 Қазан, 2025
Партиялық шынайы бәсекені жандандыратын реформа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын жария еткелі парламенттік реформа, оның ішінде бір палаталы парламент моделі көп талқыланатын тақырыптың біріне айналды. Расында, қоғам ендігі жерде бір палаталы Парламенттің қаншалықты тиімді боларына ой жүгіртіп, түрлі сауалдың төңірегінде пікір көрігі қыза түсті. Десек те Президент заң шығарушы органның ендігі тағдырын халықтың өзі шешсін деп 2027 жылы жалпыхалықтық референдум өткізуді үсынды.
02 Қазан, 2025
Экономиканы цифрландыру міндеті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда цифрландыруға баса мән берді. Оның ішінде экономиканы заман өрісінен қалыс қалдырмай, технология тетіктеріне ілестіру маңызды болып отыр.
02 Қазан, 2025
14–19 қыркүйек күндері Ресей Федерациясына, соның ішінде Башқұртстанның әйгілі Уфа қаласына барып қайттық. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Жазушылар одағының «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобасы аясында Уфадағы архив, кітапхана, музей қорларынан «Ғалия» медресесіне, тарихи «Шарқ» баспасы мен Уфа мүфтилігіндегі қазақ бөліміне (қазият) қатысты құжаттар мен деректерді іздедік.
02 Қазан, 2025