Редакция таңдауы
Ғылымды ойлаған мемлекет – мықты мемлекет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті. Президент аталған кеңестің отырысында отандық ғылымның өзекті мәселелері мен түйткілдер түйінін тарқату жолдары жөнінде баяндады. Жиынға Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшелері, Үкімет басшысы Олжас Бектенов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және басқа да жауапты тұлғалар қатысты.
15 Сәуір, 2024
Апатпен күрес: Солтүстік Қазақстан облысында 700-ден астам әскери қызметші атсалысып жатыр
Өңірде су деңгейі күрт көтерілуінен Есіл өзенінің «Хромзавод» шағын ауданы маңындағы бөгетті тасқын су шайып кетіп, 114 тұрғын үй су астында қалды. Қазіргі уақытта Қарулы күштердің әскери қызметшілері Төтенше жағдайлар және полиция департаменттері мамандарымен бірлесіп, Петропавл қаласы маңындағы былғары зауыты ауданында эвакуациялық жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
13 Сәуір, 2024
Атырауда салынған бөгеттер 100 шақырымнан асты
Облыс орталығында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне және Ириклин су қоймасынан су ағынының ұлғаюына байланысты жағалауды нығайту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Соңғы алты күнде (бүгінгі мәлімет бойынша) жоспарланған 215,1 шақырымның 101,2 шақырымына жағалауды нығайту бөгеттері салынды. Айта кетсек, бастапқыда картографиялық деректер бойынша ұзындығы 105 шақырым бөгет құрылысы жоспарланыпты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың ТЖ жөніндегі жедел штаб мәліметіне сілтеме жасап.
13 Сәуір, 2024
Сенат Спикері Big Data-ны қолдануға арналған семинардың ашылуына қатысты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев аналитиктерге Big Data-мен жұмыс істеу және ЖИ-ді қолдану тәсілдерін үйрететін семинардың ашылуына қатысты. Курсқа Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелері және Талдау мектебінің осы салада белсенділігімен танылып жүрген түлектері қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Сәуір, 2024
Десантшылар Орал маңы аудандарында тасқынға тосқауыл қойды
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің Жетісу, Алматы гарнизондарынан келген 300-ден астам әскери қызметшісі, оның ішінде мерзімді қызметтің 50 сарбазы Батыс Қазақстан облысындағы Жайық, Шаған, Дерқұл, Көшім өзендері мен олардың салаларының жағалауын нығайту жұмыстарына тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Сәуір, 2024
Астана халықаралық форумы өтпейтін болды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Сәуір, 2024
Атырау облысында 4 мұнай ұңғыма су ортасында қалды
Атырау облысында мұнай өндіріліп жатқан 4 ұңғыманы су басты, деп жазады Egemen.kz.
13 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Әбдімомын Желдібаевтың жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәулескер күйші, композитор, «Парасат», «Құрмет», «Достық» ордендерінің иегері Әбдімомын Желдібайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Сәуір, 2024
Сенаторлардың өңірлердегі тасқынға қарсы күресі жалғасын тапты
Сенатор Сағындық Лұқпанов Атырау облысындағы Махамбет ауданында екінші толқынмен келуі ықтимал тасқын суға дайындық барысымен танысты. Депутат сапар барысында аудан орталығындағы бөгет салу аймағында болып, әскери қызметшілермен және еріктілермен әңгімелесіп, көрсеткен көмектері үшін оларға алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Президент Үкімет пен әкімдіктерге жедел тапсырма берді
Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін айрықша бақылауда ұстау және бағаның өсуіне жол бермеу қажет екеніне тағы да назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Сәуір, 2024
Сенат Спикері Грузия Парламентінің Төрағасымен кездесті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Грузия Парламентінің Төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және тағы басқа өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Сәуір, 2024
Арқалықта тасқыннан зардап шеккендердің үй алуына 405 млн теңге бөлінді
Үкімет қаулысымен тасқын салдарынан зардап шеккен Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласы тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкіметтің төтенше резервінен 405 млн теңге бөлінді. Қаржыландыру Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы комиссияның бағалауына сәйкес Арқалық қаласында үйлері қалпына келтіруге келмейтін отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін нысаналы трансферттер түрінде Қостанай облысының әкімдігіне жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Сәуір, 2024
Еліміздегі ахуал өте күрделі - Президент
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Сәуір, 2024
Сенатор отандық ұн тартушылардың банкроттан құтқарылуын талап етті
Еліміздің ұн экспорты төмендеп кетті, ал шетелге астық сату – өсіп барады. Ұнның орнына астық сатып алу және өз диірменін жұмысқа пайдалану шетелдіктерге тиімді екені даусыз. Ал бұдан отандық ұн тарту кәсіпорындары зардап шегіп отыр. Сенатор Сұлтан Дүйсембинов өзінің депутаттық сауалында отандық ұн тартушылардың проблемаларын көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Сәуір, 2024
Америкалық инженер Нэлсон Фэлл қазақ даласы туралы не жазды?
«Сұлтан Жәңгірдің төрт мың жылқысы бар, Жұмабек сұлтанда екі мың, ал Адам байда үш мың жылқы бар, ал сіз бес-ақ жылқым бар дейсіз! Сонда неше қойыңыз бар?» «Менің қойым жоқ», деп жауап бердім. - Әй!.. Басқа түліктеріңіз көп болар? - «Екі сиырым бар», дедім».
12 Сәуір, 2024
Бүгін академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл
Қаныш Имантайұлы 1899 жылы 12 сәуірде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің (руы Қаржас) отбасында дүниеге келді. Шын есімі – Ғабдул-Ғани.
12 Сәуір, 2024
1961 жылдың 12 сәуірінде Қазақстанның «Байқоңыр» айлағынан алғашқы ғарыш кемесі аспанға ұшты. Бұл – барша адамзат тарихындағы маңызды әрі айтулы оқиға. Осылайша Юрий Гагарин әлемнің тұңғыш ғарышкері атанса, Байқоңыр – ғарыш айлағына айналды.
12 Сәуір, 2024
Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні
Ғылым кез келген елде келешектің кілті саналады. «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр» деген Әл-Фарабидің қанатты сөзі бар. Бұл бірнеше ғасыр бұрын айтылып кетсе де өзектілігі жойылған емес.
12 Сәуір, 2024
Қаныш Сәтбаев және отандық ғылым
Әр халықта мемлекеттің дамуына орасан зор үлес қосқан тарихи тұлғалары бар. Олардың ішінде қоғамға танылу иерархиясында айрықша орын алған көшбасшылар ерекше дараланып тұрады. Ғалым, академик, патриот, отандық ғылымның негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – осындай бірегей тұлға.
12 Сәуір, 2024
Қанекеңнен қалған қастерлі мұра
Өмірін өнегемен өрген тұғырлы тұлғалардың артына қалдырған рухани мұрасынан бөлек, тіршілігінде тұтынған бұйымдары мен жеке заттары да кейінгілер үшін қастерлі мұра. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіндегі академик атымен аталатын шағын музей ғибратты ғұмыр иесінің өмір тынысынан сыр шертетін бірегей орын.
12 Сәуір, 2024