Редакция таңдауы
Батырлар өнегесі – тәрбие өзегі
Тәуелсіздігімізді қалай нығайтамыз, ұлтымыздың өсіп-өркендеуі мен ұрпағымыздың дүниежүзілік бәсекелестікке лайықты болуы үшін қандай бағытта жұмыс істеуіміз керек деген мәселелерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі зор мән беріп келеді. Жуырда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында да бірқатар маңызды мәселе көтерілді.
11 Сәуір, 2024
Ендігі міндет – Орал мен Атырауды тасқыннан сақтап қалу
Премьер-министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шараларын тексерді.
11 Сәуір, 2024
Бүгінде ел бойынша ұзындығы 3 221 шақырым болатын 17 бағыттағы ақылы жол учаскесі белгіленген. Оның ішінде 11 учаскесі (2 161 км) І санаттағы жолға жатса, қалған 6 учаске ІІ және ІІІ санаттағы (1060 км) жол болып есептеледі. Былтыр бюджетке 30 млрд теңге шамасында қаржы түсірген ақылы жолдың ақшасын жауаптылар қалай жаратып отыр? Жол сапасын арттыруды көздейміз деген министрлік биыл тағы қанша ақылы жолды іске қоспақ? «Жыртықты бүтіндейміз» деген жоспарлы әрекеттің ендігі жай-жапсарын мақала өзегінде көрсетуге тырыстық.
11 Сәуір, 2024
Еліміздің кейбір аймағында тұрғындар тасқынмен алысып, қауіпсіз аймаққа көшірілсе, су басу қаупі сейілген өңірлер шығындарды есептеп, етек-жеңін жыя бастады. Қолайсыз ауа райының салдарынан ушыққан жағдайды әлі де болса қалыпты деп айтуға келмей тұр.
11 Сәуір, 2024
Шет елдердің басшылары Президентке Ораза айт мерекесіне орай құттықтау хаттар жолдап жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Сәуір, 2024
СҚО-дағы ауыл тұрғындары қайықпен эвакуацияланып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ауыл тұрғындарын алдын ала эвакуациялау бойынша операцияны Ұлытау және Түркістан облыстарынан келген құтқарушылар орындап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Сәуір, 2024
Қарғын судан зардап шеккендер ақшаны қалай алады?
Елдегі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу қағидалары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Сәуір, 2024
Ораза айт мейрамында қандай амалдар орындалады?
Ораза айт — Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні, барша мұсылманның маңызды діни мерекесі, исламдағы екі айт мейрамының бірі. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды. Бұл күні ораза ұстауға тыйым салынған. Олай болса ораза айтты дұрыс өткізу үшін қандай амалдарды орындау керек? Бұл туралы Egemen.kz материалынан оқи аласыздар.
10 Сәуір, 2024
«Петропавлға қарай үлкен су ағыны келе жатыр»: СҚО әкімі тұрғындарға үндеу жолдады
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынына қатысты облыс тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Сәуір, 2024
Өңірді су басып жатыр: құтқарушылар СҚО тұрғындарын эвакуациялады
Кеше, 9 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарды белсенді көшіру жұмыстары жүргізілді. ТЖМ күштері зардап шеккен азаматтардың үй жануарларын да қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Сәуір, 2024
Петропавл маңындағы тұрғындар шұғыл эвакуацияланып жатыр
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Петропавл қаласы маңындағы аймақтардың тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Сәуір, 2024
Биылғы Ораза айт еліміз үшін үлкен сынақпен қатар келіп отыр - Мәулен Әшімбаев
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ораза айт мерекесіне орай Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Сәуір, 2024
Алатоодан Ақжайыққа жеткен көмек
Бауырлас Қырғыз елінің гуманитарлық көмегі Ақжайық өңіріне де жетті. Сәуірдің 6-ы күні Қырғызстаннан шыққан 15 көлік су тасқынынан зардап шеккен Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан өңіріне бөлінген еді.
10 Сәуір, 2024
Әлемдегі ең үлкен Құран Кәрім нұсқасының бірін Үндістандағы құсни хатшы Мәулана Жәміл Ахмад дайындап шықты. Ұзындығы 3,2 метр, ені 2,3 метр кітаптың көшірмесін жасауға шебер екі жыл уақытын жұмсаған екен.
10 Сәуір, 2024
Су тасқыны салдарынан жолдар қайта жабылып жатыр
Қазақстанның төрт облысында республикалық тас жолдардың сегіз учаскесін еріген су басты. Сондай-ақ еліміздің алты облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы бүгін, 10 сәуірде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
10 Сәуір, 2024
Маңғыстау облысында Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы ауысты
Бұл қызметке полковник Мұрат Мұханов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Сәуір, 2024
Еліміздің көп жерін су басып жатқаны белгілі. Сол су тасқыны себебінен төтенше жағдай жарияланған өңірлерде білім беру үдерісі қалай жүргізіліп жатыр? «Төтенше тоқсанға» тап келген педагогтерді қолдау, олардың еңбекақысын есептеу мәселесі қалай болмақ? Осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.
10 Сәуір, 2024
Биыл академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына – 125 жыл. Соған орай Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Философия, саясаттану және дінтану институты бірлесіп «Академик Қ.И. Сәтбаев феномені және ХХ ғасырдағы отандық ғылым: қазіргі ұстанымдар мен пәнаралық зерттеу мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Онда қазіргі Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастырушысы әрі алғашқы президенті, Қазақстан металлогения мектебінің негізін қалаған көрнекті тұлғаның ғылыми еңбектерін зерттеу мен зерделеу мәселесі сөз болды.
10 Сәуір, 2024
Волонтерлер атыраулықтарға көмекке жетті. Апаттан зардап шеккен ағайынға «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері «Biz Birgemiz» қоғамдық қорының қолдауымен азық-түлікпен қатар жылу генераторлары, киім-кешек және қайықтар жеткізді.
10 Сәуір, 2024
Өңірде тасқын судың беті қайта бастады. Облыстық жедел штабтың мәліметінше, Әйет өзенінің деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Қарасу ауданындағы Тінтуір, Құндызды, Қарасу өзендерінің деңгейі тәулік ішінде 17 см-ден 127 см-ге дейін түскен. Торғай, Дәмді , Қабырға өзендері әлі тасып жатыр.
10 Сәуір, 2024