Редакция таңдауы
Қайта өңдеу саласының қарышты қадамы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту, қайта өңдеу саласын қолға алу қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізде бірнеше ірі агрожобалар іске асып жатқанын тілге тиек етті. Алдағы уақытта осы жобалардың нәтижесінде мыңдаған жұмыс орны ашылатынын баяндады. Жобаларды іске асыруға отандық, шетелдік инвесторлар қатысып жатқанын, 2 млрд доллардай инвестиция тартылғанын мәлімдеді. Келешекте ол өз жемісін беріп, отандық агроөнімдер шетел нарығына шығарылатынын жеткізді. Мұндай жобалардың ауқымын кеңейту қажеттігін, әр аймақта өндірістен дүкен сөресіне дейін жеткізетін біртұтас желі қалыптастыру керектігін еске салды.
23 Қыркүйек, 2025
Хорватия астанасы Загребте өткен әлем чемпионатында 60 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғали бас жүлдені олжалап, қазақ жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Соңғы рет 1999 жылы Афинада Мхитар Манукян жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Одан кейін «классиктеріміз» төрткүл дүниенің теңдессіздері бас қосқан жарыста күміс пен қоланы ғана қанағат тұтып келді. Енді, міне, арада 26 жыл өткенде Сыр бойының саңлағы еліміздің жанкүйерлеріне алтын медаль тарту етті.
23 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Chevron корпорациясының басшысымен кездесу өткізді
Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарының іскер топтары өкілдерімен кездесуі Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдаумен жалғасты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қыркүйек, 2025
Инновациялық сүзгілер Ақсу стансасының тиімділігін арттырады
Жақын уақытта Ақсу электр стансасында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін гибридті сүзгілер пайда болады. ERG және қытайлық Fujian Longking Co., Ltd компаниялары арасында энергетика саласы үшінмаңызды келісімге қол қойылды.
22 Қыркүйек, 2025
ERG экологиялық оң шешімдерді өміршең етуге батыл түрде кірісті
ERG компаниясы «жасыл» экономика қағидаттарына бағытталған үздік инновациялық шешімдерді үзбей енгізіп келе жатқаны мәлім. Алдағы уақытта ТопПавлодар өңіріндегі алюминий және электролиз зауыттарына экологиялық тәуелсіз аудит жүргізіп, өндіріс орындарының Еуропалық стандарттарға сәйкестігін тексеріп көрмекші.
22 Қыркүйек, 2025
Сауда министрлігі азық-түлік бағасын бақылауды күшейтеді
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 80-нен астам сауда желілерінің өкілдерімен кеңейтілген отырыс өткізді, деп жазады Egemen.kz.
22 Қыркүйек, 2025
Олимпиада жеңімпаздарына 100 млн теңгеден астам сыйақы берілді
Қазақстанда 2022 жылдан бері халықаралық олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға қаржылай сыйақы беріліп келеді. Ережеге сәйкес, алтын медаль иегерлері – 1500 АЕК-ке дейін, күміс жүлдегерлер – 1000 АЕК-ке дейін, ал қола медаль иегерлері – 500 АЕК-ке дейін марапатталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қыркүйек, 2025
Көлік тарихын онлайн тексеруге болады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасына «Көлік тарихы» жаңа сервисін енгізді, деп жазады Egemen.kz.
22 Қыркүйек, 2025
Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 22 қыркүйекке арналған ауа сапасы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қыркүйек, 2025
Елдікті нығайту – жұрт болып атқаратын іс. Бұған әркім өзінше атсалысады. Соның ішінде ұлттық қауіпсіздік қызметі мамандарының үлесі де елеулі. Мемлекет басшысы «Ұлттық қауіпсіздік жүйесі – мемлекеттігіміздің басты тұғыры. Отан үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың арқасында еліміз өсіп-өркендеуде» деп айрықша атап өткені белгілі. Осы салада отаншылдығымен танылған жанның бірі – ҰҚК құрметті қызметкері, генерал-майор, Астана қалалық мәслихатының депутаты Кендебай Сарыбайұлы Адамбек.
20 Қыркүйек, 2025
Татулық пен келісім миссиясын атқарған Астана
Әлемнің әр түкпірінен ділі мен діні бөлек болса да, ниет-тілегі бір рухани көшбасшылардың басын бір ортада қосып, «бейбітшілік пен келісім» атты адамзатқа ортақ құндылықты дәріптеуге бағытталған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі де өз жұмысын тәмамдады. Әлемге мейірім мен махаббаттың, толеранттылық пен татулықтың дәнін сеуіп жүрген съездің миссиясы мұнымен тоқтамақ емес. Делегаттар, амандық болса, 2028 жылы елорда төрінде тағы да кездесуге уағдаласып, дәстүрлі декларация қабылдады.
20 Қыркүйек, 2025
Денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртатын бастама
Сапалы медицина – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі. Елімізде денсаулық сақтау саласы кейінгі жылдары елеулі өзгерісті бастан өткеріп, ұлттық деңгейдегі басым бағыт ретінде айқындалды. Әсіресе ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін арттыруға айрықша назар аударылып келеді. Ауылдағы медицина инфрақұрылымын жаңғырту денсаулық сақтау саласын ғана емес, тұтас өңірлік даму сапасын арттырудың басты тетігіне айналып отыр.
20 Қыркүйек, 2025
Ерболат Досаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
19 Қыркүйек, 2025
ҚФФ академиясы Talent Academy мәртебесін алды
Талғар қаласында Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) академиясына ФИФА Talent Academy мәртебесін беру рәсімі өтті. Осылайша ҚФФ әлем бойынша тоғызыншы, ал УЕФА аймағында екінші федерация болды. Жоба ҚФФ пен ФИФА арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде жүзеге асып, жас ойыншыларды халықаралық стандарттарға сай дайындауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
19 Қыркүйек, 2025
Сындарлы диалог – нағыз даналықтың көрінісі
Жиырма жылдан аса уақыттан бері Астана қаласында рухани көшбасшылардың басын бір мүддеге тоғыстырып, ортақ мақсатқа жұмылдырып келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті VIII съезі өз жұмысын қорытындылады. Съездің жабылу салтанатына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі.
19 Қыркүйек, 2025
Боксты ұлттық спорт деңгейіне көтеруіміз керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.
19 Қыркүйек, 2025
Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің үкімет басшылары кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов Бішкекте Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровтың Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер делегациялары басшыларымен ұжымдық кездесуіне және ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының\вице-президентінің кездесуіне қатысты.
19 Қыркүйек, 2025
Ауызсу мәселесі шешімін табады
Көп ұзамай Жетісу өңірі ауызсумен толық қамтылады. Бүгінде ішер судан таршылық көріп отырған ауылдар саны едәуір азайған. Облыста орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 92%-ды құрап отыр. Әсіресе жырақта жатқан шекаралық елді мекендер күнделікті тұтынар суға қол жеткізгеніне қуанышты.
19 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Алматы облысындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында тұтанған өрттің аумағы 15 гектарға жетті. Қызыл жалынды ауыздықтауға 300-ге жуық маман мен 140 техника тартылды. Өртке қарсы күреске төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірге жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық мекемелердің қызметкерлері де жұмылдырылды, деп жазады Egemen.kz.
18 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында сарбаз өзіне қол жұмсаған
Әлеуметтік желіде 17 қыркүйекте Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаздың өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат пайда болды. Ақпаратты ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қыркүйек, 2025