Редакция таңдауы
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен брифинг өтті. Жиында аймақ басшысы Тәуелсіздік жылдарында Жетісу жерінде қол жеткен табысты істер туралы айтып, Мемлекет басшысы белгілеп берген тапсырмалардың орындалуы туралы әңгімеледі.
15 Қараша, 2021
Балдай өнімдері бүгінде байтақ әлемнің әр түпкіріне тарап кеткен «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасының табысты өрлеу жолына бет бұрып, ішкі һәм сыртқы сауда кеңістігіне тең өтімді көп тәттілерінің брендке айналуы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі өрісті отыз жыл ішіндегі экономикалық дамудың жемісі екені анық. Тоқсаныншы жылдары тоқыраңқырап қалған ірі кәсіпорынға тәуелсіздік жылдары ауқымды инвестиция салынды. Нәтижесінде, Германия, Италия, Швейцария сияқты өндірісі өркендеген мемлекеттерден заманауи технология құрылғылары әкелініп, жаңа желілер орнатылды.
15 Қараша, 2021
Әлеуметтік нысандар қатары артты
Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Даниал Ахметов баяндады.
15 Қараша, 2021
Алматылық балалар Pfizer екпесін алды
Алматы емханаларында 12 қарашадан бастап Pfizer вакцинасы салына бастағанынан ел хабардар болып отыр. Алайда мегаполисте әзірге жеткілікті ұжымдық иммунитет қалыптаспаған. Сондықтан 22 қарашада мегаполисте ревакциналау басталады.
15 Қараша, 2021
Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте самбодан әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста Қазақстанның балуандары табысты өнер көрсетті. Еліміздің ерлер мен әйелдер құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 2 қоланы иеленіп, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға табан тіреді. Алдымызда – Ресей мен Өзбекстан. Сондай-ақ жауынгерлік самбодан төрт өреніміз жеңіс тұғырына көтерілді.
15 Қараша, 2021
Қылышын сүйретіп қыс та жетті. Алайда ауылдағы жұрт алты ай қыс жағатын отынын түгендей алмай алаңдаулы. Өйткені логистикада туындаған кедергілердің кесірінен аймаққа жеткізілетін көмір кешігіп келіп жатыр. Жағдайды облыс басшылығы жіті қадағалауына алғанымен, көмір тапшылығы әзірше жойылмай тұр.
15 Қараша, 2021
Педагогтердің біліктілігін көтеруге не кедергі?
Білім беру барлық басқа саланың көш басында тұруы тиіс. Себебі кез келген кадр білім алу арқылы қалыптасады, даярланады. Мұндайда әлбетте әр маманға берілетін білімнің «іргетасы» берік болуы керек. Білімнің негізгі іргетасы мектепте, маман ретінде дайындайтын оқу орнында қаланады. Демек, педагогтер заманның сұранысына сай, қоғамға қажетті дағдыларды игерген түлектерді шығару үшін үнемі өзін дамытып отырғаны абзал. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев енді 3 жыл сайын мұғалімдерді біліктілігін арттыру курсынан өткізуді тапсырды.
15 Қараша, 2021
Асқар Мамин министрлер мен орынбасарларына шарт қоймайтынын айтты
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин күнделікті жұмыс кестесімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қараша, 2021
Мемлекет басшысы Дәулет Сембаевтың жақындары мен туыстарына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет қайраткері, белгілі қаржыгер Дәулет Сембаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
15 Қараша, 2021
Магистратура мен докторантураға құжат қабылдау мерзімі ұзарды
Магистратура мен докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 18 қарашаны қоса алғандағы мерзімге дейін ұзарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қараша, 2021
Елбасы Дәулет Сембаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Елбасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Дәулет Сембаевтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қараша, 2021
Алдағы күндері -20 градусқа дейін аяз болады
Қазгидромет синоптиктері 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қараша, 2021
Эдди Хирн Головкинге қатысты жоспарын айтты
«Matchroom Boxing» промоутерлік ұйымының басшысы Эдди Хирн кәсіпқой бокс әлеміндегі ең үлкен жекпе-жек Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші шайқас екендігіне сенімді деп хабарлайды Egemen.kz Boxingscene.com порталына сілтеме жасап.
15 Қараша, 2021
Жалға берілетін баспанаға өтініш қабылдау басталды
Алматы қаласының әкімдігі қарашаның 15-20 аралығында Алматы қаласында жұмыс істеп жатқан жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алу үшін Наурызбай ауданы мен Алатау ауданындағы пәтерге өтініштер мен құжаттар қабылдау басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қараша, 2021
Солтүстікте бұрқасын мен көктайғақ болады
Қазақстан аймақтарында 2021 жылғы 15-ші қарашада болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын «Қазгидромет» РМК жариялады, деп жазады Egemen.kz.
15 Қараша, 2021
15 қараша – Ұлттық валюта күні
Бүгін Ұлттық валюта – теңгенің айналымға енген күні және ҚР қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қараша, 2021
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры – шығармашылық ұжымы ауқымды, бірнеше буындағы өнер шеберлерінің қалың шоғырын қалыптастырған, Қазақстанның музыкалық орындаушылық өнерінің әлемдік мәдениетке қосқан бірегей үлесін көрсететін түрлі кезеңдердегі, бағыттардағы стиль мен жанрларының үйлесімінен тұратын, ұлттық және әлемдік опера мен балет туындылары репертуарынан берік орын алған дәстүрге бай Қазақстанның жетекші театры. 1934 жылы негізі қаланған театр тарихы елдің атын төрткүл дүниемен таныстырған өнер корифейлерінің, белгілі сахна майталмандарының есімімен тығыз байланысты өркендеп келеді.
15 Қараша, 2021
Ақтау театры сапарын Тәуелсіздікке арнады
Қарт Каспийдің жағалауынан жеткен өнер көші астана халқына тамаша тарту жасады. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 9-12 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар театры» сахнасында Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының гастролі өтті.
15 Қараша, 2021
Біздің теңге – дизайны жағынан әлемдегі ең әдемі ақшалардың бірі. Айталық, әртүрлі мемлекеттің ақшаларына талдау жасаған британиялық The Telegraph газеті ең үздік 15 ұлттық валютаны іріктеген еді. Соның ішінде қазақтың теңгесі де бар. Халықаралық банкноталар бірлестігі де (IBNS) қазақстандық банкнотты «дизайн жағынан жылдың үздік валютасы» деп мойындаған.
15 Қараша, 2021
Өнеркәсіпте қауіпсіздік қатаң сақталуға тиіс
Сенатта «Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету: талдау, болжамдар және ұсыныстар» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті. Палата Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров шараны аша келіп, Мемлекет басшысы еліміздің жаңа экономикалық бағыты, оның ішінде Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін ашуға негізделуі тиіс жеті негізгі қағидатты белгілегенін атап өтті.
15 Қараша, 2021