Редакция таңдауы
Қойнауы қазыналы, тарихы шежірелі қарт Қаратаудай қасиетті мекеннен қанат қағып, қажырлы еңбегімен, қарымды күш-жігерімен ұлт шаңырағына уық болып қадалған қабырғалы ұл-қыздың қатары қалың. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – солардың бірі де бірегейі.
25 Сәуір, 2025
Әмудария бойын, Бесқала атанған өлкені ежелден жайлаған қазақтардың арасынан ірі жыршы-жыраулар көптеп шыққаны мәлім. Анығырақ айтсақ, бұл аймақтағы қазақтар арасынан елге кең танылған, шығармашылық қоржыны мол жүзден астам ақын-жырау жыраулық өнердің дамуына ерекше үлес қосты. Кеңестік кезеңде жалпы қазақта жыраулық өнер көмескіленіп бара жатқан тұста Бесқала жыршыларынан өнеге алуға Қазақстаннан жас өнерпаздар көптеп барса, музыкатанушы, фольклоршы-ғалымдар да арнайы экспедиция ұйымдастырып, бірнеше рет аралап, көл-көсір дүниелерді хатқа түсірді.
25 Сәуір, 2025
Өңір медицинасында серпіліс бар
Жетісу облысы құрылғаннан бері 81 медицина мекемесі салынған. Соның нәтижесінде, өңірде дәрігер тапшылығы едәуір азайды. Өткен жылы бірнеше маман көтерме жәрдемақы алып, ауыл-ауылға көшіп барды. Нәтижесінде, халық бұрынғыдай облыс орталығына сабылмайды. Дегенмен қажетті кадрларға сұраныс әлі де бар. Алдағы уақытта 72 ауылда жаңа заманауи емхана ашылады.
25 Сәуір, 2025
Іле өзенінің маңы – табиғаты көркем, туристер жиі баратын аумақ. Алайда кейінгі жылдары бұл аймақ демалыс орны емес, бейберекет шашылған қоқыстың ортасына айналды. «Көшпелілер қаласы» мен «Тамғалы тас» шатқалының маңында пластик бөтелкелер, дорбалар, консерв қалдықтары мен құрылыс материалдары үйіліп жатыр. Жауапсыз демалушылар мен бақылаусыздықтың кесірінен Іле экожүйесіне нақты қауіп төніп тұр.
25 Сәуір, 2025
Енді жетісулық жас мамандар іргелі кәсіпорындарға барып жұмыс істей алады. Бұрынғыдай қолына дипломын алып, қызмет іздеп қала кезіп жүрмейді. Өңірге қажетті кадрларды жергілікті оқу орындарынан алуды көздеген зауыт басшыларының ұсынысы қабылданды. Оған колледж директорлары да мүдделі болып отыр. Осылайша, екі тарап өзара 10 меморандум жасады.
25 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне қолдау білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Мәрмар теңізі мен Ыстамбұл шаһары аумағында орын алған жер сілкінісіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, қолдау сөзін жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Сәуір, 2025
Ассамблея мүшелері мемлекеттік наградамен марапатталды
ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Президент Жарлығымен халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Сәуір, 2025
Ассамблея мүшелері елдік бастамаларға үлес қосып келеді – Президент
Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының» ХХХІV сессиясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы басталды
Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясының пленарлық отырысы басталды. «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбымен ұйымдастырылған бұл ауқымды шара елдегі этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтудағы маңызды кезең болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2025
Бүгін – Халел Досмұхамедұлы дүниеге келген күн
Тұп-тура 142 жыл бұрын Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ғалым Халел Досмұхамедұлы өмірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95%-ын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма жүктеген еді. Президент тапсырмасына сәйкес Алматы қаласын транзиттік көліктерден босатып, айналып өту мақсатында 2 жыл бұрын ел тарихында тұңғыш рет инвесторлар көмегімен жоғары жылдамдықты Үлкен Алматы айналма автожолы іске қосылды.
24 Сәуір, 2025
«Самұрық-Қазына» қорының үшінші креативті хабы Оралда ашылды
Батыс Қазақстан өңірі шығармашыл жастардың орталығына айналады. Дизайнер, аниматор, музыкант, креаторлар және басқа да өнер және мәдениет мамандары аймақта жаңа жобаларды жүзеге асырмақ.
24 Сәуір, 2025
Жамбыл АРТЫҚБАЕВ: «Қазақтану» жобасы қайта жаңғырғаны жөн
Биыл елдегі этносаралық татулық пен бірліктің берік тұғырына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Осы мерейлі дата қарсаңында белгілі этнограф, ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаевты әңгімеге тартып, Ассамблеяның атқарған істеріне, бүгіні мен болашағына үңілуді жөн көрдік.
24 Сәуір, 2025
Хорватия – Еуроодақтағы еліміздің ірі сауда серіктесі
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Хорватия Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманмен кездесті.
24 Сәуір, 2025
Жасанды интеллект: жаңа стратегия, инфрақұрылым, адам капиталы
Елімізде жасанды интеллект саласын дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар қолға алынып жатыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында айтылды. Іс-шараға Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов, «Astana Hub» технопаркінің бас директоры Дания Ахметова қатысты.
24 Сәуір, 2025
Тұрқы бөлек тұлпарлар таңдалды
Шоқтығы биік, қаз мойынды тұлпарлар ауыздықтарын қарш-қарш шайнап, көпшілік көрерменнің алдына шықты. Құйрық-жалдары төгілген бұл сәйгүліктер Өскеменнің іргесіндегі ат спорты клубында өтіп жатқан көрмеге жеткізілген. Бұл жолы жылқылардың ең жүйрігі емес, күтімі мен бітіміне қарай бағаланды.
24 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Хорватия министрін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Сәуір, 2025
Ең танымал отандық 100 кітап сауалнамасы басталды
23 сәуір - Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні атап өтіліп жатыр. Бұл күн былтырғы жылы Мемлекет басшысының бастамасымен Ұлттық құрылтайда бекітілді. Президенттің айтуынша, кітап - ұлттың интеллектуалдық және мәдени прогресінің негізі. Сондықтан, елдегі әдеби мұраны сақтау және дамыту мақсатында отандық авторлардың 100 ең танымал кітабы туралы жалпыұлттық сауалнама жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Сәуір, 2025
Кейінгі бес жылда есірткіге тәуелді жастар көбейіп барады. Деректерді сараласақ, құрамы құбылған синтетикалық өнімдерді тасымалдаушылар 16 мен 32 жас аралығындағы азаматтар болып шықты. Қазір олардың шамамен 1 200-і осы қылмысы үшін темір торға тоғытылған.
23 Сәуір, 2025
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттері мен елордалық жастарымен кездесті.
23 Сәуір, 2025