Оқи отырыңыз
Қара топырақты қусырған тас көшелер, сұлу Алатауды көлегейлеген зәулім ғимараттар, жасыл желектерді тықсырып бара жатқан заманауи Алматының келбетіне апорты қашан да керек. Оңтүстік шаһардың брендіне айналған алма сұрыбын селекциялық сапамен жаңғыртып, туризмнің басты нышаны ретінде келген-кеткен қонақтарға келісті етіп ұсыну көкейкестілігін жоймақ түгілі, бұрынғыдан да өзекті бола түсті.
06 Желтоқсан, 2024
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Қазақстанның халық жазушысы, Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына арналған «Кемел тұлға келбеті» атты конференция өтті. Алқалы жиын аясында көрнекті қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған фото және кітап көрмесі ұйымдастырылып, екі жаңа кітап таныстырылды.
06 Желтоқсан, 2024
Қаламынан поэзиялық жауһарлармен қатар, прозалық кесек шығармалар тудырған Ілияс Жансүгіров – балалар әдебиетінің де негізін салушылардың бірі. Ілиястың балаларға арналған өлеңдері шынайы қазақи өмірдің көріністерінен құралған. Бейбіт өмірге, оқу-білімге бастайтын игі мақсаттар баланың білімге ұмтылуына түрткі болатын ұлттық таным екені сөзсіз. «Жазғытұры», «Күз», «Қыс», «Оқимын», «Бөбек бөлеу», «Тас шешей», «Сабын», «Ұршық», «Саптыаяқ», «Күн боламыз», «Элеватор», «Комбайн», «Қазақ үйдің тұрмысы», т.б. өлеңдері бүгінгі балалар әдебиетіндегі үлкен үлгі.
06 Желтоқсан, 2024
Ғалам ғажаптары: «Operator» – ЖИ агенті
«OpenAI» жақын арада «Operator» деп аталатын жаңа ЖИ-агентін іске қосады.
06 Желтоқсан, 2024
Түрколог-ғалым Адай Есенғұлұлы келтірген мәліметте: әлем бойынша көне түркі жазба ескерткіштерінің бүгінгі таңда белгілі болғандарының ұзын-ырғасы 160 шамасында екен. Бұлар территориялық орналасуы жағынан: Тыва Республикасында – 53, Хакасияда – 28, Моңғолияда – 30, Орхон-Енисей бойында – 8, Алтай өлкесінде – 6, Жетісу-Талас өңірінде – 16, Қырғызстанда 8 бар екен («Жетісу» газеті, 17 мамыр, 2001 жыл).
06 Желтоқсан, 2024
Оксфорд университетінің тіл мамандары жыл сайын қоғамдағы маңызды өзгерістерді, трендтерді сипаттайтын сөзді анықтайды. Биыл таңдау «brain rot» (ақылдың құлдырауы) тіркесіне түскен.
06 Желтоқсан, 2024
Азия чемпионаты: Жазира Орақбаева қарсыласын алғашқы раундта нокдаунға жіберді
Бокстан Азия чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде Жазира Орақбайдың жекпе-жегі алғашы раундта-ақ тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.
05 Желтоқсан, 2024
Тауарлы-сүт саласының тәжірибесі көпке үлгі
Биылғы көктем Солтүстік Қазақстан облысына оңайға соқпады. Өңір инфрақұрылымына су тасқынынан үлкен залал келді. Облыс аумағындағы 4 мыңға жуық үйді су басты. Оның тең жартысы – Петропавлдағы үйлер. Су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілді. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз жиынында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің даму көрсеткіштеріне тоқталды.
05 Желтоқсан, 2024
Өндіріс жоспары ойдағыдай орындалды
Елімізде Атырау облысы инвестиция тартудан көш бастап тұр. Биыл өңірде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 1,7 трлн теңге. Шетелдік тікелей инвестиция – 1,1 млрд доллар. Қазір Теңіз кен орнында «Келешек кеңею» жобасы аяқталмақ. Сол себепті жобаға тартылған инвестиция биыл 840 млрд теңгеге жетті. Десе де, өзге саланы дамытуға құйылған инвестиция көлемі де жыл сайын артып келеді. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
05 Желтоқсан, 2024
«Самұрық-Қазына» қолдауымен ерекше қажеттілігі бар жастар IT мамандықтарын меңгерді
Астанада «OrleTECH 3.0» қайырымдылық жобасы аясында ерекше жастарға арналған оқудың қорытындысы шығарылды.
05 Желтоқсан, 2024
Күпті көңілді сейілтетін «Күміс жас»
Еліміздегі күрмеулі әлеуметтік мәселенің бірі жұмыссыздықты азайту мақсатында бірнеше жоба, бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – «Күміс жас» жобасы. Елуге таяғанда, зейнет жасына жетпей жұмыссыз қалған жандардың көңіліне жалау жобаның жүзеге аса бастағанына екі жылдың жүзі болды. Игі бастаманың баянды болғаны қашанда маңызды.
05 Желтоқсан, 2024
Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Осынау мереке елімізде де ерекше атап өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзгеге қолұшын созған жандардың әрдайым құрметке бөленетінін әрі олар мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісі, шынайы отаншылдықтың айқын көрінісі екенін айтып, волонтерлер қозғалысына үлкен көңіл бөліп келеді. Міне, бүгінде республика бойынша 240 мыңнан аса белсенді волонтер, 740 еріктілер ұйымы мен мыңнан аса бастамашыл топ жемісті жұмыс істеп жатыр.
05 Желтоқсан, 2024
Агросаланы дамытудың басты тетігі – ауылшаруашылық өнімдерін тиімді бағамен өткізу. Бұқар жырау ауданындағы бірнеше шаруа қожалық енді өздерінің еңбекпен жиған өнімін өңіріміздегі алпауыт «Qarmet» компаниясына үздіксіз саудалайтын болды. Мұнымен қоса, осы аудан Президент тапсырған «Тауарлы несие» тетігін алғашқылардың бірі болып іске қосты. Осындай қолдау көрген агрокешеннің алға қадам баса беретіні анық.
05 Желтоқсан, 2024
Әйгілі майдангер, үш дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған мемлекет және қоғам қайраткері, Қарағанды облысының, Қарағанды қаласының, Шет, Жаңаарқа аудандарының құрметті азаматы, абыз ақсақал Камали Жұматайұлы Дүйсембеков ортамызда болғанда биыл 100 жасқа толар еді.
05 Желтоқсан, 2024
Қазына қаржысын қорғаудың маңызы
Нарықтық қатынастар мен құқықтық мемлекет құру жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу – өзекті мәселе. Себебі бұл – мемлекеттік қызмет органдарының беделіне ықпал етіп қана қоймай, азаматтардың сеніміне нұқсан келтіріп, мемлекеттің нарықтық экономикасының дамуын тежейтін әрі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін әлеуметтік құбылыс.
05 Желтоқсан, 2024
Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіш-бюсті
«Тәуелсіз Қазақстан тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар аз емес. Заманбек Қалабайұлы – осындай тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды. Мемлекетімізді нығайтуға айрықша атсалысып, өңірлерді өркендетуге зор үлес қосқаны даусыз», деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толуына орай туған жерінде тұғырлы ескерткіш орнатуды, Алматыдағы тұрған үйінде ескерткіш-тақта ашуды тапсырған еді.
05 Желтоқсан, 2024
Мыңнан аса жүргізуші жауапқа тартылды
Алкогольді ішімдік ішіп, көлік тізгіндегендерге заң қатаң. Десе де, тәртіпке бағынбайтын, ішімдікке сылқия тойып, рульде ағындайтындар қатары азаймай тұр. Айналдырған үш күннің ішінде облыс полицейлері 20-дан аса жүргізушінің масаң күйде көлік басқарғанын анықтаған.
05 Желтоқсан, 2024
Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының төртінші күні еліміздің үш былғары қолғап шебері рингке көтеріліп, барлығы да қарсыластарынан басым түсті. Олар – Махмұд Сабырхан (54 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Милана Сафронова (67 кг).
05 Желтоқсан, 2024
Ғалам ғажаптары: Автоматтандырылған метро
Сауд Арабиясынның Эр-Рияд қаласында әлемдегі ең ірі автоматтандырылған метро іске қосылды.
05 Желтоқсан, 2024
«Қазақконцерт» солисі Әйгерім Алтынбек Италияда өткен опера әншілері арасындағы халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды. Композитор Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға әлемнің әр түкпірінен, соның ішінде Қазақстан, Жапония, Қытай, Корея, Ресей, Иран елдерінен 70 өнерпаз қатысты.
05 Желтоқсан, 2024