Оқи отырыңыз
Ұлттық болмысты айшықтаған ақын
Ақын Жанат Әскербекқызы есімімен оның өзін көрмей тұрып, марқұм Табылды Досымовтың «Қара гүл» әнін тыңдаған сәттен таныспын.
16 Қаңтар, 2026
«Құс едің ғой, кең далаға бауыр басқан...»
Адам жаны тыныштықтан жай табатыны бар. Төңіректе мүлгіген тыныштық орнағанда кісі санасында сан түрлі ой салтанат құрады. Терең ойдың түбін таба алмай тұңғиыққа батасың. Айналаға көз тастап, әудем жерде қанатын сермеп ұшқан құстарға қарайлайсың. Тіршілік қамытын олар да мойнына іліп алғандай көрінеді. Жанұшыра ұшқан құстардың даусы да, тізбегі де керемет көріністі көз алдыңа әкеледі. Көкжиек төсін шарлай ұшқан олардың әрбір қимылы сан түрлі суретке толы ма деп топшылайсың.
16 Қаңтар, 2026
Шанхайдағы Пушкин ескерткіші: Екі рет қиратылып, қайта тұрғызылған кешен туралы аз-кем әңгіме
Халқымызда «Жүргенге жөргем ілігеді» деген сөз бар. Бұл уақытпен санаспай, жолсапарларға жиі шығатын журналист қауымына қаратып айтылған ұғым секілді болып көрінеді бізге. Иә, расында да, ол солай. Неге десеңіз, жылдың қай мезгілінде де суыт жүрістен танбаған тілші, репортерлердің бармайтын жері, баспайтын тауы жоқ. Сондай кезде әріптестеріміз көптеген жайтты көреді. Неше түрлі нәрселерге кезігіп, қызық оқиғаларға куәгер болады. Бірақ ол тақырыптар сол уақыттағы іссапарлар бойынша редакция талап еткен мақалалардың мақсат-мүддесіне сәйкес келмей, қағаберісте қалып қойғанын да айта кетпеске болмайды. Десек те, кейін әйтеуір бір қажетке жарайды-ау деп ойлағанбыз. Сол интуиция бізді алдамапты. Олай дейтініміз, құрметті оқырман, өздеріңіздің алдарыңыздағы мына шағын штрих, фрагмент, миниатюралардан тұратын жазбаларымыз. Журналистің қойын дәптеріндегі әр жылдарғы дерек-дәйектерден түзіліп алынған бұлар сіздердің талап-талғамдарыңызға сай келіп жатса, бек қуаныштымыз. Сонымен...
16 Қаңтар, 2026
Бәсеке заманда кәсіп меңгергеннің бәсі жоғары
Былтыр «Skills Enbek» кәсіптік оқыту платформасында 570 мың азамат, оның ішінде 53,5 мың жұмыссыз онлайн-курстарды сәтті аяқтап, сертификат алған. Бүгінде платформада барлығы 1,5 миллионнан астам пайдаланушы тіркелсе, олардың 925,7 мыңы қатарға былтыр қосылыпты.
16 Қаңтар, 2026
«Жаңбыр төкті» әні қалай туды?
Өнерде шекара жоқ дейміз. Әсіресе ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қазақ пен қырғыз өнерінің кеңістігі тіптен жақын. Көрші ауылда ғажап бір ән туса, дабырасы мен даңғазасы қазақ топырағына жетпей қалмайды. «Жамгыр төктү эч басылбай, Биз келаттык көл-шал болуп. Жол кароого коз ачырбайт, Бет алдыдан шамал согуп». Әуезі аңызға айналған әйгілі «Жаңбыр төкті» де бізге осылай жеткен. Әні бірден елітіп, жазда төккен ақ жауындай жылы әсер етті. Тоңдырған жоқ. Қырғыз асып келген жауынды жыр талай жанды жұбатты. Өз тілімізде шырқалып, өз әніміздей құлаққа сіңді.
16 Қаңтар, 2026
«Еңбек адамы», «жұмысшы маман» дегенде, хакім Абайдың «Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол» деген сөзі ойыма оралады.
16 Қаңтар, 2026
«Әдемі» нөмірлерге талас: Ел азаматтары бір аптада 200 мыңнан астам өтінім берді
Жаңа қызмет іске қосылған санаулы күн ішінде eGov жүйесі арқылы 226 мыңнан астам адам өз қалауындағы нөмірге тапсырыс беріп үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қаңтар, 2026
Сыртқы істер министрлігі Қара теңізде болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
13 қаңтарда Қара теңіз аумағында Каспий құбыры консорциумының теңіз терминалына бет алған үш танкерге шабуыл жасалды. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі аталған жағдайға қатысты мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қаңтар, 2026
«Каспий» мен «Жетісудың» бұрынғы ойыншысы Лайонел Адамс қайтыс болды
Мәскеу түбіндегі Звенигород қаласында кезінде еліміздің бірнеше футбол клубында атой салған ресейлік қорғаушы Лайонел Адамстың мәйіті табылды. Құзырлы органдар қайғылы жағдайдың мән-жайын жіті тексеріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қаңтар, 2026
Алдағы күндері бірқатар өңірде 40 градусқа дейін аяз болады
Республика бойынша антициклон ықпалына байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қаңтар, 2026
Елордада бірінші ауысым оқушылары онлайн оқиды
Бүгін Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар онлайн режимде оқитын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қаңтар, 2026
«OpenAI» денсаулыққа қатысты ChatGPT Health атты жаңа қызметтің мүмкіндігін таныстырды.
15 Қаңтар, 2026
Берлинде артық өнім ысырап болмасын деген ниетте 4 миллион килограмм картопты тұрғындарға тегін үлестіру бастамасы көте-рілді. Былайша айтқанда, бұл – шамамен 800 ересек пілдің салмағына тең өлшем.
15 Қаңтар, 2026
Терезеге телміре қарап тұрып, қоп-қою кофесін ұрттады. Күрделі операциядан шыққан Олжастың ойы сан сақта. Жаңа ғана жанын аман алып қалған науқас осыдан жиырма жыл бұрын ба екен, бала Олжасты тау қуысындағы қыстақта тастап кеткені бар.
15 Қаңтар, 2026
Бір кездері цирк десе, көз алдымызға тордағы аңдар мен ұзақ жол азабын көрген жануарлар елестейтін. Бүгінде Германиядағы «Circus -Theater Roncalli» бұл түсінікті түбегейлі өзгертіп отыр. Мұнда цирк бар, бірақ жануарлар жоқ.
15 Қаңтар, 2026
Облыс орталығының оңтүстік-шығысында 55 шақырым жердегі Камышенка ауылына дәл жаңа жыл кешінде жолға шыққан едік.
15 Қаңтар, 2026
Әлемдегі үздік кванттық офтальмолог, кванттық физика мен ЖИ маманы, Кардифф университетінің PhD Мұхит Құлмағанбетовтің «Entoptica» стартабы Гонконгта ақпараттық және коммуникациялық технология (ICT) сыйлығын жеңіп алды. Компания «Hardware and Device» санатында бас жүлде иегері атанып, «SLOPE» құрылғысы (Structured Light Observation Perception and Evaluation) қазылар алқасының Алтын жүлдесіне ие болды. «Entoptica» компаниясы ұсынған инновациялық құрылғы макулярлы дегенерация скрингіне арналған. «SLOPE» науқастарға қолайсыздық туғызбастан, макулярлы дегенерацияны екі минуттық тест арқылы ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
15 Қаңтар, 2026
Түнгі клубтар тәртіпке бағынбай тұр
Қазір түнгі клубтар мен ойын-сауық орындары қауіпті болып тұр. Бұлай дейтініміз кейінгі айларда орын алған қайғылы оқиғалар осы жерлерде көптеп тіркелді. «102» жедел арнасына түскен дамылсыз қоңыраулардың легі ойын-сауық орындарындағы құқық бұзушылықтарға қатысты болған.
15 Қаңтар, 2026
Алпысыншы жылдардың орта шенінде қазақ поэзиясына ойы да, сойы да бөлек талантты жастардың легі келіп қосылды. Шетінен шығыс пен батысты қатар оқыған, албырт та алғыр сол өрендердің ішінде тағдырдың талай тепкісін көріп жасымаған, кеудесінде жыр мұхиты тербеліп жатқан Мұқағали Мақатаев та бар еді.
15 Қаңтар, 2026
Өнертабыс ел қажетіне жарасын десек...
Бірде «Оңтүстік Қазақстан» газетінен журналист Аман Жайымбетовтің «Өнертапқыш өгей бала емес, өкімет...» деген проблемалық мақаласын оқыдым. Онда осы Оңтүстік өлкесінде тұратын жас өнертапқыштардың жоқтан бар жасап ашқан жанкешті еңбегі елден қолдау таппай ескерусіз қалғаны жазылған.
15 Қаңтар, 2026