Оқи отырыңыз
Түгел түркіге ортақ ұлыс мейрамы
Әз Наурыз – түркілердің төл мерекесі. Десе де, бұл мейрамның пайда болуын түркілерден алыстатып, тарихтағы мөлдір бұлақтай бастауларын шығыс халықтарынан немесе парсылардан іздеп, Ұлыстың ұлы күнін жат жұртқа теліп жүрген жоқпыз ба?
18 Наурыз, 2026
Ұлттық киім – халықтың рухани болмысын, тарихи жады мен дүниетанымын бойына сақтаған ерекше мәдени құндылық. Ол – тек денені жабатын тұрмыстық бұйым емес, ұлттың болмысын танытатын көркем тіл, ғасырлар қойнауынан жеткен мәдени код. Қазақ халқының ұлттық киімі де дәл осындай терең мәнге ие. Әрбір шапанның қатпарында, камзолдың кестесінде, бас киімнің биіктігі мен пішімінде халықтың өмір салты, эстетикалық талғамы, табиғатпен үндескен философиясы көрініс табады.
18 Наурыз, 2026
Жүгеріні қалдықсыз өңдейтін кәсіпорын
Елімізде өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 70 пайызға жеткізу межесі қойылғаны белгілі. Мемлекет басшысының осы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында өңірде ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Жамбылдық атқамінерлер жүгеріні тереңдетіп өңдеу саласына айрықша басымдық беріп отыр. Шу ауданында салынып жатқан жаңа кәсіпорында алдағы уақытта мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады. Компания басшылығы жұмысшылардың 90 пайызын жергілікті азаматтар құрайтынына сендірді.
18 Наурыз, 2026
Саламатты ауыл тұрғындары пенденің пешенесіне жазылған несібесін молайтып, ақ адал жұмыс істеп, ел игілігіне өз үлесін қосып жатса, ішімдікке үйірлер қылмыс жасап, қоғамға кесірін тигізіп жүр. Бүгінгі мақаламызда ішімдіктен жаппай тыйылуға серт берген ауыл тұрғындарының тамаша қарекеті мен дерт дендеген төңіректі боямасыз көрсетуге тырыстық.
18 Наурыз, 2026
Петербордағы Ресей Ғылым академиясына қарасты Антропология және этнография музейіндегі (Кунсткамера) жәдігерлер қатарында қазақ тұрмысына қатысты мыңнан аса құнды дүние сақталған. Соның бірі – қазақ қызының қымбат сәукелесі.
18 Наурыз, 2026
Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Өкінішке қарай, спортшыларымызға медаль бұйырмады.
18 Наурыз, 2026
«Атырау» футбол клубы да жекешеленеді
Мұнайлы шаһарда екі стадион бар. Оның бірі «Мұнайшы» стадионында күрделі жөндеу жүргізіледі. Ал «Судремонтник» стадионы Премьер-лига ойындарын өткізу талабына сәйкес емес.
18 Наурыз, 2026
Таза су тапшылығы қашан жойылады?
Көкшетау қаласын орталықтандырылған таза сумен қамту күрмеуі қиын күрделі мәселе болып келген. Былтыр заманауи сүзгіден өткізіліп тазартылған су беріле бастады.
18 Наурыз, 2026
Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, ұрпақ сабақтастығын дәріптеу мақсатында Наурызнама онкүндігі аясында іс-шаралар кеңінен аталып өтіп жатыр.
18 Наурыз, 2026
Доллар бір тәулікте 6,59 теңгеге арзандады
17 наурызда Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 479,02 теңгеге дейін төмендеді. Ал бір күн ішінде валюта 6,59 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Наурыз, 2026
Жаңа рекорд: Алматыда бір мезетте 11 500 оқушы күй тартты
Алматыда Наурыз мерекесіне орай бұрын-соңды болмаған ауқымды музыкалық флешмоб өтіп, бір мезетте 11 500 оқушы домбыра тартып, Қазақстан рекордын жаңартты, деп жазады Egemen.kz.
17 Наурыз, 2026
Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қалай?
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы Щучинсктегі «Палау орталығы» дәмханасында болған жарылыстан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Наурыз, 2026
Астанада 18 мыңнан астам бала бір мезетте асық ойнады
Астана қаласында Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында бір мезетте 18 мың бала қазақтың көне ұлттық ойынын ойнады. Бұл ауқымды шара Цифрландыру жылы аясында Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Наурыз, 2026
Айт намазының кестесі жарияланды
Рамазан айы 19 наурыз күні аяқталады. 20 наурызда мұсылман қауымы Ораза айт мейрамын тойлайды, деп жазады Egemen.kz.
17 Наурыз, 2026
Елдегі ақылы жолдарда төлем мерзімдері өзгерді: Жүргізушілер нені ескеруі керек?
Елімізде ақылы жолдарды пайдалану төлемінің мерзімі өзгертілді. Жаңа ережеге сәйкес, жүргізушілерге төлем жасау үшін берілетін уақыт ұлғайып, талаптар нақтыланды, деп жазады Egemen.kz
17 Наурыз, 2026
Мереке қарсаңында отандық әуе компаниялар рейстер санын көбейтті
Наурыз мерекесі қарсаңында ел ішінде жолаушылар ағыны көбеюіне байланысты отандық әуе компаниялар қосымша рейстер санын көбейтеді. Жалпы 160 қосымша рейс орындалып, азаматтардың мерекелік сапарларын ыңғайлы жоспарлауына мүмкіндік жасалады, деп жазады Egemen.kz.
17 Наурыз, 2026
Қарағанды облыстық зағип жандарға арналған арнайы кітапхана екі тілде – «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы» және «Проект новой Конституции Республики Казахстан» атты бедерлі-нүктелі қаріппен басылған арнайы басылымды жарыққа шығарды.
17 Наурыз, 2026
Цифрлық кітапхана: 64 тілде 85 мың құжат сақталған
Жыл басынан бері Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасын пайдаланушылар саны 227 446 оқырманға жетті. Авторлардың рұқсатымен жүктелген құжаттар саны 329 485 болса, жалпы материалдар 1 408 540 рет қаралған.
17 Наурыз, 2026
Қарсыласымыз – Канада құрамасы
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу сынында еліміздің әйелдер құрамасы Астанада Канада теннисшілерін қабылдайды. Бәсекелер 10-11 сәуірде өтеді.
17 Наурыз, 2026
Елордадағы Ататүрік саябағында «Көрісу күні – Амал мерекесі» атты ауқымды мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен қала қонақтары қатысты.
17 Наурыз, 2026