Оқи отырыңыз
Бүгінгі кәсіпкер әйелдер табыс тауып қана қоймай, жаңа мәдени орта қалыптастырып, ұлттық болмысты заманауи нарыққа бейімдеп жүр. Бірі ұлттық дәстүрді ұлықтап, қаржы көзін тапса, енді бірі бос кеңістіктен іскерлік алаң құрды, үшіншісі әсемдік әлемінде төл рухты тірілтеді. Оларды біріктіретін ортақ қасиет – табандылық, жаңашылдық, өз ісіне деген сенімділік.
07 Наурыз, 2026
Орталық Азиядағы жетекші ұйымдардың бірі саналатын Ұлттық нейрохирургия орталығы секілді үлкен ұжымда еңбек ету бақыты екінің біріне бұйыра бермейді. Біздің кейіпкеріміз осы орталықтағы балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің жоғары санатты педиатр дәрігері – Айзат Исаева.
07 Наурыз, 2026
Шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы
Көктемнің алғашқы лебімен келетін ардақты аналар мен аяулы арулар мерекесі – қоғамды ізгілікке, жақсылық пен жасампаздыққа үндейтін, ыстық ықыласқа толы, мейірбан мейрам. Әйел-ананың қоғамдағы орны, оның отбасындағы қадір-қасиеті мен мемлекет дамуындағы үлесі қашанда еліміздің басты назарында.
07 Наурыз, 2026
Кейінгі жылдары қашықтан білім алу қалыпты үрдіске айналды. Ал осыдан бес-алты жыл бұрын онлайн оқуды көпшілік аса мойындай қоймаған еді. Сол уақытта батыл қадамға барып, білім саласына білек сыбана кіріскен жастың бірі – Жұлдызай Мұсаева. Қазір ол негізін қалаған «JUZ40» компаниясы бүгінде еліміздегі ең ірі «EdTech» жобалардың біріне айналды. Аталған компания жыл сайын мыңдаған талапкердің ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинап, қалаған оқу орнына грантқа түсуіне жол ашып келеді.
07 Наурыз, 2026
Топырақ құнарын зерделеген ғалым
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің PhD, қауымдастырылған профессоры Әлия Нағиева Шыңғырлау ауданындағы Алмаз деп аталатын әдемі ауылда туып-өсіпті. Ата-анасы қарапайым ауыл еңбеккері еді.
07 Наурыз, 2026
Қазақ спортының, оның ішінде зияткерлік ойын – шахматтың шежіресінде алтын әріппен жазылатын есімдер бар. Солардың бірегейі, мұқым қазақ елінің мақтанышы, ақыл-ой додасының жарық жұлдызы – Бибісара Асаубаева. Еліміздің көк байрағын әлемдік аренада сан мәрте желбіреткен дара дарын бүгінде жаңа тарихи белесті бағындыруға сақадай сай отыр.
07 Наурыз, 2026
Жақында ғана Германияның Инцелль қаласында мәреге жеткен конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақ спортының тарихында бұрын-соңды болмаған жаңа парақ ашылды. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, 19 жастағы Кристина Шумекова айды аспаннан бір-ақ шығарып, әлемнің абсолютті чемпионы атанды.
07 Наурыз, 2026
Шетелдегі қазақ жастарының арасында ғылымда, мәдениетте, бизнесте, шығармашылықта биік белестерді бағындырып жүрген дарынды буын қалыптасып келеді. Осындай зерек те талапты қазақ жастарының бірі – Иранда өмірге келген жас қаламгер Атрие Чалак.
07 Наурыз, 2026
Бүгінде әлемдік технологиялық алпауыт компанияларда еңбек ететін қазақ жастарының саны артып келеді. Солардың бірі – Шымкентте дүниеге келген Нұрлы Күздікбай.
07 Наурыз, 2026
Шетелде жүрсе де, өзінің біліктілігін көрсетіп жүрген қазақ қызының бірі – Әсел Аяпова. Ол – АҚШ-тың «AES» корпорациясының энергетикаға арналған жаһандық дрондық инновациялық бағдарламасының директоры және Энергетикадағы дрондар мен роботтар халықаралық коалициясының, Америкадағы «Women and Drones» қауымдастығы кеңесінің мүшесі қызметін атқарып келеді.
07 Наурыз, 2026
«Қызды гүлге теңеп жазған ең бірінші ақын – нағыз ақын», депті түркі халықтарының ұлы ойшылы Әлішер Науаи. Расында, гүл мен ару – егіз ұғым. Раушан, Қызғалдақ, Нарғыз, Қалампыр, Райхан секілді есімдер нәзік жандыларға ғана жарасқан соң қойылады. Гүл сөзі біріккен ару аттары қаншама? Әрбір әйел затының өзіне тән талғам-мінезі болатыны секілді, әрбір гүлдің де өзіндік мән-мағынасы, сыйлау әдебі бар. Әрбір нәрсе әдебімен әдемі ғой қашанда.
07 Наурыз, 2026
Ғалым әйелдер академик Нәйлә Базанова атындағы құрмет белгісімен марапатталды
Ғылым ордасында Халықаралық әйелдер күніне орай Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен ғалым әйелдерге арналған академик Нәйлә Базанова атындағы марапат табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Наурыз, 2026
Ең қымбат футболшы: «Болонья» клубы Омар Мұрадовты рекордтық сомаға сатып алды
18 жастағы жартылай қорғаушы, отандасымыз Омар Мұрадов италиялық «Болонья» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
06 Наурыз, 2026
Made in Kazakhstan: Отандық тауарларды шетел нарығына ұсынатын платформа іске қосылды
«Экспорттаушылар витринасы» платформасы шетелдік сатып алушыларға отандық өнімдерді оңай табуға мүмкіндік береді. Жүйеде тауарлар бірнеше сала бойынша топтастырылған. Әрбір өнімге қатысты толық сипаттама мен өндіруші туралы ақпарат орналастырылған, деп жазады Egemen.kz.
06 Наурыз, 2026
Вейптерді заңсыз сатқан семейлік тұрғын 2 жылға сотталды
Абай облысында электрондық тұтыну жүйелерін (вейп) заңсыз өткізген азаматқа қатысты сот үкімі жарияланды. Семей қаласының тұрғыны никотин құрамды өнімдерді әлеуметтік желі арқылы сатып, айналымға шығарғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Наурыз, 2026
«Amanat» бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты» жобалары – бүгінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық келбетін өзгертіп жатқан ең ауқымды әрі нәтижелі бағдарламалардың бірі. Бұл жобалар – жай ғана қаржылай қолдау емес, халықтың ойлау жүйесін өзгертуге, масылдықтан арылтуға, кәсіпкерлік рухты оятуға бағытталған платформалар. Бұл туралы Президент те оң пікір білдіріп келеді.
06 Наурыз, 2026
Дислексия деген дерт пе, әлде ерекше қабілет пе?
«Дислексия» деген терминді естуіңіз бар ма? Бұл – ақыл-есі түзу, он екі мүшесі сау адамның жазу-сызуға, мәтін оқуға немесе оқығанын түсінуге қиналуымен байланысты нейробиологиялық ерекшелік, оқу дағдысының бұзылуы.
06 Наурыз, 2026
Шарханды баяғыдан білемін дей алмаймын. Бірақ оны баяғыдан жақсы көремін дей аламын. Солай бола ма өзі? Олай болуы қиын. Қиын, бірақ мүмкін.
06 Наурыз, 2026
Цифрлық дәуірде балалар әлемі бұрынғыдан мүлде өзгеше. Кейде олардың жан дүниесінде не болып жатқанын, неге қызығатынын, нені қалайтынын ата-анасының өзі дер кезінде біле бермейді. Заман талабына сай бүгінгі жас ұрпақ алуан түрлі кітап оқиды. «YouTube» арнасынан сан түрлі мультфильм көреді, ойын ойнайды. Осы орайда бүгінгі баланың тілдік ортасы тек үй мен мектеп арасы ғана емес, экран кеңістігіне де тәуелді ме деген сұрақ туындайды. Сондықтан қазақ тіліндегі балалар контентін дамыту – тек мәдени мәселе емес, ұлтымыздың болашағына қатысты стратегиялық міндет.
06 Наурыз, 2026
Әлеуметтік ғылымның зерттеу «кеңістігі» өте кең. Бұл – саясаттану, әлеуметтану, тарих, психология ғана емес, қоғам мен адам, жұртшылықтың мінез-құлқы, үрдістер мен заңдылықтар, саяси реформалар, көбіміз жиі қолданатын әлеуметтік ауқымды ұғымдар... Дәл сол ғылым саласы мықты қалыптасқан әрі нақты жұмыс істейтін мемлекеттерде елдің тұтастығына сына қағатын қауіпті кезең, келеңсіз жағдай алдын ала зерделенеді.
06 Наурыз, 2026