Оқи отырыңыз
13 жасар қызды қара ниетті қарақшылардан құтқарып қалған Тараз қаласының тұрғыны Нүркен Омаровқа лайықты құрмет көрсетілді. Ішкі істер министрлігі атынан марапатталған бейбіт күннің батырын облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қабылдап, 500 мың теңгенің сертификатын табыстады.
24 Ақпан, 2026
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Былтыр еліміздің сыртқы сауда айналымы жалпы көлем жағынан тұрақтылық сақтағанымен, оның ішкі құрылымы айтарлықтай өзгерді. Экспорт азайып, импорт көбейген сайын сауда балансының артықшылығы қысқарып, экономикадағы сыртқы тірек әлсірей түсті, деп жазады Egemen.kz.
23 Ақпан, 2026
Тараз қаласында Сүлейменов көшесіне қойылған жылдамдықты шектеу белгісі заң талаптарына сай рәсімделмегені анықталды. Соның салдарынан 32 мыңнан астам жүргізуші негізсіз айыппұл төлеген. Енді мемлекет 345,3 миллион теңгені қайтаруға тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Ақпан, 2026
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Жетісу облысында жас кәсіпкер Ерболат Еренталов қолдан пісірілетін, ашытқы қоспасыз дайындалатын пайдалы нан өндірісін ашқан. Мамандығы экономист болса да, ол наубайшылықты өз бетінше меңгеріп, қазіргі таңда жеті түрлі өнім шығарады. Бүгінде зауытта күніне шамамен 350 өнім өндіріліп, облыс орталығындағы 25 дүкенге жеткізіледі. Ерболат алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, ассортиментті кеңейтіп, республикалық деңгейге шығуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Ақпан, 2026
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, өңірлерді цифрлық дамыту мен «ақылды қалалар» стандарттарын енгізуді негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындады. Бұл бастама ел аумағында заманауи технологияларды кеңінен қолдануға жаңа серпін беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
23 Ақпан, 2026
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Оралда тұңғыш рет қысқы спорт түрлерінен «Oral Winter Fest – 2026» атты жалпыхалықтық фестиваль өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Ақпан, 2026
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Жезқазған қаласында байдарка мен каноэда ескек есушілерді даярлайтын жаңа спорт мектебі пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай салынған қос қабатты ғимаратта спортшылардың жан-жақты дайындалуына барлық жағдай қарастырылған. Мұнда теориялық сабақтарға арналған оқу сыныптары, жаттығу залдары, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері жабдықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Ақпан, 2026
Грузияда Қазақстан азаматтарына қандай жұмыс істеуге тыйым салынады?
2026 жылғы 1 наурыздан бастап Грузия шетел азаматтарының еңбек және кәсіпкерлік қызметіне қатысты жаңа шектеулер енгізеді. Тиісті шешімді ел үкіметі арнайы қаулымен бекіткен. Өзгерістер көбіне мигранттар, соның ішінде Қазақстан азаматтары жиі жұмыс істейтін салаларға әсер етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Ақпан, 2026
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Кітапхана жүйесіндегі цифрлық трансформация: Қазақстан кітапханаларының Smart технологиясы» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті. Кітапхана ісін цифрлық тұрғыдан қайта пайымдау, жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану бағытында өткен іс-шара Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Ақпан, 2026
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Елімізде жерасты су қорын жүйелі зерттеу және түгендеу жұмыстары жүріп жатыр. «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі жүргізген алдын ала зерттеу нәтижесінде Қазақстан аумағында 711 әлеуетті бұлақ анықталды. Бұл – су ресурстары тапшы кезеңде қосымша су көздерін айқындауға бағытталған маңызды қадам, деп жазады Egemen.kz.
23 Ақпан, 2026
Павлодар облысында биыл 7,8 миллион ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Тәлімбақтардың жетіспеуіне байланысты көшеттердің біраз бөлігін сырттан сатып алу көзделген.
21 Ақпан, 2026
Арқаның сайын даласында өсірілген жылқы, ірі қара мен қой етінің экспорттық әлеуеті жоғары болғанымен, бұл мүмкіндік толық іске аспай отыр. Өңірде тонна-тонна өнім өндіруге қауқарлы шаруашылықтар жеткілікті.
21 Ақпан, 2026
Былтыр Солтүстік Қазақстан облысы ет өндіру бойынша 10,5% өсімге қол жеткізді. 2026 жылға мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары жасалған. Сөйтіп, биыл мал санын 894 мың тұяққа дейін жеткізу көзделген. Соның ішінде жылқының санын – 166 мың, қара малды – 298 мың, қой-ешкіні 430 мың тұяққа дейін өсіру межеленіп отыр. Осы шаралар іске асса, облыс ет өндіру көлемін 50,4 мың тоннаға жеткізуге тиіс.
21 Ақпан, 2026
Ауыл кәсіпкерлеріне қомақты көмек
«Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін дамытқысы келетін ауыл тұрғындарына мол мүмкіндік беріп отыр. Жоба аясында екі жылдың ішінде елімізде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 2029 жылға дейін осы бағдарламаға 600 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді.
21 Ақпан, 2026
Алматы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар музейінде «Димаш: бір дауыс – мың ел» атты көрме ашылды.
21 Ақпан, 2026
Астанада үш жаңа автобус бағыты пайда болады
Астанада 21 ақпаннан бастап үш жаңа маршрут бағыты ашылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
20 Ақпан, 2026
Қызылша жұқтырған балалар көбейген: Дәрігерлер ата-аналарға үндеу жасады
Астанадағы №3 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасында қызылша диагнозымен ауруханаға жатқызылған балаларға кезекті тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде ауру жұқтырған балалардың саны артқаны анықталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
20 Ақпан, 2026
Тәркіленген Lamborghini Huracán көлігі 5 есе арзан бағаға сатылды
Елімізде тәркіленген 2016 жылғы Lamborghini Huracán аукционда бастапқы құнынан шамамен бес есе арзан бағаға сатылды, деп жазады Egemen.kz.
20 Ақпан, 2026
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елордада 21 және 22 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп жазады Egemen.kz.
20 Ақпан, 2026
37 градус аяз: Алдағы демалыс күндері күн күрт суытады
«Қазгидромет» ел аумағында алдағы демалыс күндері күн райы құбылып, ауа температурасы төмендейтінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
20 Ақпан, 2026