Оқи отырыңыз
«OpenAI» компаниясы ChatGPT-дің балаларға арналған арнайы нұсқасын әзірлеп жатыр. Егер жүйе қолданушының жасын нақты анықтай алмаса, бірден жасөспірімдерге арналған бетке ауысады. Ата-аналар баланың аккаунтын бақылап, пайдалану уақытын шектей алады.
19 Қыркүйек, 2025
Токиода өткен әлем чемпионатында швециялық сырықпен секіруші Арман Дюплантис 6 метр 30 сантиметр биіктікке секіріп, әлем рекорд жасады.
19 Қыркүйек, 2025
Алдағы уақытта кәдімгі компьютерлік тінтуірді қолданбауымыз мүмкін. Ғалымдар оның орнына экранды басқарудың жаңа тәсілін ойлап тапты.
18 Қыркүйек, 2025
Әлем елдері қоқыстың көбейгеніне алаңдап жатса, Қытай керісінше қоқыс тапшылығын сезініп отыр. Соның салдарынан елдегі ірі қоқыс өртейтін зауыттар толық қуатта жұмыс істей алмай, тіпті кейбірі қалдықты сырттан сатып алуға мәжбүр.
18 Қыркүйек, 2025
Автокөліктегі қауіпсіздік жастықшасын жақсы білеміз. Енді соның ұшаққа арналған нұсқасы пайда болуы мүмкін.
18 Қыркүйек, 2025
«Адамзаттың бәрін сүй» деп Абай жырлағандай, барлық діннің түбі – сүйіспеншілік пен махаббатқа құрылған. Олардың өзара тату, бейбіт өмір сүруі жаһан жұртының бірлігіне жол ашпақ.
18 Қыркүйек, 2025
Amazon мен Walmart-та қазақ ұны сатылып жатыр
Отандық бидай ұны АҚШ нарығына жол тартты. Нью-Йоркке Eurasian Legacy брендімен алғашқы 50 тонна өнім жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.
17 Қыркүйек, 2025
Елімізде ең көп көлік қай өңірде тіркелген
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тамыз айында 159,5 мың автокөлік тіркеуден өткен. Оның 5,2 %-ы алғаш рет есепке қойылған, деп жазады Egemen.kz.
17 Қыркүйек, 2025
ЖИ дамыту этикасы жөніндегі дінаралық комиссия құрылуы мүмкін
Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту этикасы жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қыркүйек, 2025
Кейбір адамдардың қан қысымы былайғы уақытта қалыпты болғанымен, дәрігерге барып өлшенгенде күрт көтеріліп кетеді. Бұл құбылысқа «ақ халат синдромы» деген атау да берілген. Мұндай кезде қысымның көтерілуі аурудың өзінен емес, дәрігерге қаралуға байланысты уайымнан туындайды.
17 Қыркүйек, 2025
Әлемде жыл сайын 62 миллион тонна электронды техника жарамсыз күйге өтеді. Оның ішінде ноутбук, смартфон, теледидар сынды тұрмыстық құрал-жабдықтар бар. Бірақ соның тек төрттен бірі ғана қайта өңделеді, ал қалғаны қоқыс полигонына жіберіледі.
17 Қыркүйек, 2025
Қазақ циркінің халықаралық жүлдесі
Қазақ мемлекеттік циркі Санкт-Петербург пен Мәскеуде өткен беделі биік халықаралық цирк фестивальдерінде қос бірдей жүлдеге ие болды. Осылайша, халықаралық байқаулардың талай жүлдесін олжалап келген отандастарымыз таланттарын тағы да мойындатты.
17 Қыркүйек, 2025
2014 жылы «Коламбус Блю Джэкетс» пен «Даллас Старз» арасындағы хоккей матчы өтті. Алайда бірінші кезеңде қонақ ойыншысы Рич Певерлидің жүрек талмасына байланысты ойын тоқтатылды. Сол сәтте алаң иелері Натэн Хортонның голының арқасында 1:0 есебімен алда тұрған еді.
17 Қыркүйек, 2025
Ұлттық парктегі әйгілі әткеншек қайта ашылды
Іле-Алатау ұлттық паркінде 2 524 метр биіктікте орналасқан Фурманов шыңының етегіндегі атақты әткеншектің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл нысан ұзақ жыл бойы Алматы тұрғындары мен туристері үшін таудағы ең танымал орынның бірі ретінде жақсы таныс, деп жазады Egemen.kz.
16 Қыркүйек, 2025
Енді дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне дропперлік үшін жауапкершілікті қарастыратын жаңа 232-1-бабы енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
16 Қыркүйек, 2025
Үндістанның Әмбикапур қаласында «Garbage Café» атты ерекше дәмхана бар. Мұнда келушілер түскі асты ақшаға емес, бір кило пластик қоқысқа сатып алады. Ал 500 грамм пластикке жеңіл ас беріледі.
16 Қыркүйек, 2025
Естімеген елде көп. Албания әлемде алғаш болып министр лауазымына жасанды интеллектіні тағайындады.
16 Қыркүйек, 2025
Қазір де көзге қораш емес, көнерген сөзге айналғанымен, шідер қазақтың ескі тұрмысына әбден сіңісті әбзел емес пе? Ол кездің көлігі жылқы, мінісі ат. Атқа мінгенде таққа мінгендей қазақ баласының сезімін айтып болмайсыз. Тізгінді ұстап, үзеңгіге аяқ іліктірген аттылы адамға қонар жерге жеткенде керегі шідер не арқан. Сондықтан бұларды жортуылшы ертоқыммен бірге қанжығасынан тастамайды.
16 Қыркүйек, 2025
Әулиекөл ауданында мұнай қоры мол екені жиі айтылып жүр. Қостанайдағы геологиялық мұражайда кезінде осы өңірдің мұнайын барлау жұмыстары кезінде алынған үш құты «қара алтын», сондай-ақ мұнай кені аумағында орнатылған барлау ұңғысының макеті сақтаулы тұр.
16 Қыркүйек, 2025