Оқи отырыңыз
Экватор бойындағы мұхит түбінде ғана кездесетін каури моншақтары Берел мен Шіліктідегі қазба жұмыстары кезінде табылғаны көпті таңғалдырған. Мыңдаған шақырым қашықтықтағы мұхитта мекен ететін ұлудың бұл қабыршақтары қайдан келді деген сауал ғалымдар үшін тың сұрақ болған.
16 Қаңтар, 2025
Эльжана Таниева спорттық мансабын аяқтады
Көркем гимнастикадан үш дүркін Азия чемпионы, Париж Олимпиадасының қатысушысы Эльжана Таниева үлкен спортпен қоштасатынын айтып, желіде жазба қалдырды, деп жазады Egemen.kz.
15 Қаңтар, 2025
Қысқы универсиада: Қазақстан қоржынына екі медаль түсті
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы универсиаданың бүгінгі жарыс күнінде спортшыларымыз 2 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
15 Қаңтар, 2025
Туниске Олимпиада медалін алып берген қазақ бапкері елге оралды
Таэквондодан ел құрамасын енді Есбол Сұлтанов баптайды, деп жазады Egemen.kz.
15 Қаңтар, 2025
Ерлан Саиров ең төменгі еңбекақыны көтеруді ұсынды
Паралмент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдаған депутаттық сауалында еліміздегі ең төменгі еңбекақыны көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қаңтар, 2025
«Ұлттық кітап» республикалық байқауы басталды
Бұл байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Қаңтар, 2025
Үйдегі қылмыс ұлт пен мемлекет талғамайды. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – әлемге ортақ міндет. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық өкілдігінде өткен «No Visible Bruises» кітабының қазақ тіліндегі аудармасын таныстыруға арналған іс-шарада айтылды.
15 Қаңтар, 2025
Тауарлық несиенің несібесі мол
Ауылдағы ағайынның ырысын еселеуді мақсат тұтқан «Ауыл аманаты» бағдарламасының сапалы орындалуын Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында айрықша атап өтті. Бұл әсте тегін емес. Ауылдың өркендеуі, елдің дамуына серпін беретіні белгілі. Ал бағдарлама негізінде қолға алынған «Тауарлық несие» жобасы қарапайым адамдардың кәсіп бастауына жол ашты.
15 Қаңтар, 2025
Жүйкені жұқартқан желі жаңартылып жатыр
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мұнайлы өңірге келген сапарында электр жарығының жиі сөнетініне назар аударып, «Атырау жарық» АҚ-ның жұмысын сынға алған болатын. «Атырау облысындағы тағы бір өзекті мәселе – электр желісінің тозуы. Оның 40 пайызға жуығы ескірген. Соңғы жылдары аймақта электр қуаты жүйесі дұрыс істемейтін болды. Өңірдегі энергия тапшылығы – шамамен 200 мегаватт. Облыста өзінің электр стансасын пайдаланып отырған кәсіпорындар бар. Бірақ олардың мүмкіндігі шексіз емес. Өнеркәсіп орындары дамып, халық саны көбейген сайын қуат көзіне деген сұраныс артады. Атырау облысының электр энергиясы жүйесін түгел жаңғырту жұмыстарын бастау қажет», деді Президент.
15 Қаңтар, 2025
Үнемі шаршау синдромы: Себебі, салдары, алдын алу жолдары
Бел қайыстырған тұрмыстың талай тауқыметі техникаға артылып, жұрттың өзіне бөлетін уақыты көбейгенімен, жасына қарамай, қанша ұйықтаса да ұйқысы қанбайтын, әбден демалса да діңкелеп жүретіндер көбейді. Тіпті созылмалы әлсіздік балалар арасында да жиі кездесетіні байқалады. Әлбетте, бұл мәселеге әркімнің өз көзқарасы бар десек те, бітпейтін бір шаршаудың кілтипаны қайда, одан қалай құтылуға болады?
15 Қаңтар, 2025
Қазақ құсбегілігін әлемге әйгілеген
Жуықта «Республикалық құсбегілік федерациясы» қоғамдық бірлестігінің өтініші бойынша Моңғолия Республикасына іссапармен барып, сол жақтағы байөлкелік құсбегілердің өнерімен танысып, біршама дерек жинап келген едік. Саятшылықтың қыр-сырына қанық қаншама мамандарға жолықтық. Соның бірі – қазақтың құсбегілік өнерін зерттеумен қатар, әрбір сәтін суретке түсіріп, әлемге әйгілеп жүрген Чойжилжавын Батзаяа атты азамат. Бұл жігіт өткен жылы «Бүркіт» (моңғолша «Бүргэд») атты үлкендігі төре табақтай фотоальбом шығарыпты. Альбом-кітаптың басты тақырыбы – Қобда өлкесінде өмір сүріп жатқан қазақ құсбегілерінің өмірі, тыныс-тіршілігі, бүркітпен аң қаққан сәттері, саят-салбурын құрған кездері, түз құсын қолға түсіріп, оны баптап-баулуы қатарлы жүздеген көрініс фотобейне және әңгіме-сұхбат форматында берілген. Мұндай кітап құсбегіліктің отаны біздің елімізде жоқ. Сапар барысында Ұлан-Батыр қаласында тұратын фото-суретшіге жолығып, сұхбаттастық.
15 Қаңтар, 2025
Түрік қағандығы туралы тағы бір мәлімет
Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясының Археология институты Моңғолияның Арханғай аймағындағы Номғон алқабында 2019 жылдан бері бірлескен археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатқаны белгілі. Академия ондағы Құтлұқ қаған бітіктасының төменгі бөлігіндегі бірсыпыра таңбаға «жан біткенін» мәлімдеп отыр.
15 Қаңтар, 2025
Үш жүз саяжайға ауыл мәртебесі берілді
Ауылдан қалаға үдере көшкен халықтың дені саяжайларды жағалап, жаз маусымына арналған үй-жайдың орнына баспана салып, түбегейлі қоныстанғалы талай жылдың жүзі өтті. Басқалқа табылғанмен, жол мен жарыққа жарымау, ауызсу тапшылығы, тарифтің қалтаны қағар қымбатшылығы мұндағы халықтың басты проблемасына айналды. Осы тығырықтан шығудың жолы – саяжайларға «ауыл» мәртебесін алу туралы ұсыныстар әкім-қарарлардың есептік жиынында сан мәрте көтерілгенмен, шешім тауып мандытпады. Сөйтіп, әлеуметтік мәселелері жыл өткен сайын қордаланған саяжай тұрғындары тұрмыс тауқыметін аз тартпады.
15 Қаңтар, 2025
Ғалам ғажаптары: Аяздағы марафон
Әрі бәсеке әрі мереке саналатын марафонның да түр-түрі бар. Мәселен, жақында ғана Якутияда – 43 градус аязда желаяқтар жарысы өтті.
15 Қаңтар, 2025
Қысқы Универсиада: Қоржынға алғашқы «алтын» түсті
Туринде (Италия) өтіп жатқан ХХІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қаңтар, 2025
Отандасымыз Африканың ең биік шыңында «Адай» күйін орындады
Қазақстан азаматы Әлібек Қайырбек Африканың ең биік нүктесі – Килиманджаро (5895 метр) тауында аты аңызға айналған Құрманғазының «Адай» күйін орындады. Бұл туралы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры жазды, деп хабаралайды Egemen.kz.
14 Қаңтар, 2025
Жәутіков олимпиадасына 15 елдің үздік оқушылары қатысып жатыр
Астанада басталған 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасында 15 мемлекеттен келген үздік оқушылар математика, физика, информатика пәндері бойынша сынға түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қаңтар, 2025
Ақтөбеде белгісіз біреу үш адамды кепілге алған
Ақтөбе қаласының ескі бөлігіндегі жер үйлердің біріне заңсыз кіріп, үй тұрғындарын кепілге алған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қаңтар, 2025
Павлодарда пансионат қызметкерлері зейнеткерлерді азаптаған
Павлодар қаласының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді жүйелі түрде ұрып-соққан жеке пансионат қызметкерлерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Қаңтар, 2025
Тоқаевтың тағы бір ел көрмеген фотосуреті жарияланды
Танымал қытайтанушы Иван Зуенко Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы бір ел көрмеген суретін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қаңтар, 2025