Пікірлер .
Кеше тағы бірі ұсталды. Жемқордың. Қаптаған коррупционер... азаяр емес. Осыдан кейін ұлықтың пейілі өзгермей, тәбеті тартылмай, қоғам жақсармайды деген ойға келесің амал жоқ.
29 Мамыр, 2018
Тәуелсіздіктің кепілі – ұтымды саясат
Ағайынның араздығы туысқандар арасындағы қарым-қатынас барысында кәдімгідей проблема туғызатын болса, ал елдер арасындағы алауыздықтың белгілі бір деңгейде адамзаттың бейбіт өмір сүруіне зардабын тигізетіні мәлім. Жақында қос Корея басшыларының кездесуіне әлем жұртшылығы айрықша көз тігіп, ядролық сынақтан бас тарту туралы КХДР басшысының пікірін жаһандағы жағымды жаңалықтың біріне балағаны да сол себепті. Өйткені бейбітшіліктің құны қашан да асқақ.
14 Мамыр, 2018
Адамды қалың ой арбағанда, әсіресе сол ойы бар болғыр ақырзамандық көңіл күйдің ауылына қоңсы қонғанда түйінін таппай кәдімгідей дағдаратынымыз бар. Оралхан Бөкейдің «Атаукересіндегі» Таған сияқты «Неге біз осы?..» деген сынды сауал байыз таптырмайды. Сосын тұлғалардың бұрынғы айтқандарына үңілесің, өткеннен жауап іздейсің...
26 Сәуір, 2018
Қазақ осындай жағымсыз қасиеттерден қашан арылар екен? Аты «қазақтарды» меншіктеуге ұмтылу өзін айналасына, басқаларға мойындата алмай жүргендердің тірлігі. Әлсіздердің әрекеті. Жетістіктерімен тәмам жұртты таңғалдырып жатқан жан болса, оның қазаққа қатысы бар-жоғын түгендеп, ата-бабасының, болмаса анасының арғы тегін қазбалап, қазаққа әкеліп телуге жанталасып бағамыз. Құдды содан қазақтың абыройы асқақтап, төрткүл дүние алаштың аяқ астында жататын секілді.
28 Ақпан, 2018
Мәселе заманда емес, адамда...
Адамның азаматтығы, жауапкершілігі туралы қай кезде де кеңінен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгіме арқауына айналған жандарға аяныш білдіріп, «олар сатқындық жасайын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».
23 Ақпан, 2018
Адамның бір өкініші мен бір қуанышы қатар жүретіні әлімсақтан мәлім ғой. Бұл туралы миллион рет айтылып, миллион рет жазылса да сол баяғы қалпы. Тұлғаны көзі тірісінде төрге отырғызып, асыл қасиетін асқақтатып, өз еңбегіне лайықты баға беруді әлі игере алмай келе жатқан тәріздіміз. Игере алсақ, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтен «Мен отырған жерді төр санасаңдар болғаны...» деген қанатты сөз қалар ма еді?!
08 Қаңтар, 2018
Бізде Құдайға шүкір, бәрі бар, бұрынғылар айтпақшы, «құстың сүтінен басқаның бәрі». Дарқан даланың асты-үсті толған қазына. Жайлау малға толып, халықтың саны да біртіндеп өсіп келеді. Материалдық, демографиялық тұрғыдан алғанда ғой, бұл. Алайда, сол мол байлықты қалың халықтың қажетіне жарататындай, ұлт мүддесіне сол барды ұқсатып бағатындай мінез жағы кемшін соғып жатыр қазіргі алаштың ерлерінде.
25 Желтоқсан, 2017
Саяси сахна: дирижер һәм қуыршақ
Қазіргі жаһандану заманында саяси сахна қойылымдары дирижерлерінің ықпалы зор екендігі белгілі. Қай кезде де болған шығар-ау, әйтсе де жаңа ғасырда режиссерлік құдыретті таяқшаны ойнатуға ұмтылғандар бәсекесі әлдеқайда жоғары. Төрткүл дүниеге өз әуенін тыңдатқысы келетін дирижерлер әлемдік сахнаға сыйыспай, көрермендер түгілі сахнадағылардың өзінің зықысын шығарып жіберетіні бар. Дирижердің ишарасы арқылы сахнадағы кейіпкерлер аяқ асты амплуасын өзгертіп, бұрын-соңды көрші-қолаңмен қалыптасқан жақсы қарым-қатынасы нілдей бұзылады, сорақы кейіпкер кейпіне енеді...
27 Қараша, 2017
Туған жерін іздемегендерде із қалмайды
Кіндік қаның тамған, балалығыңның бал дәурені өткен, жалынды жастығыңның жарқылын бастан кешкен жердің бәсі қашанда биік. Төрткүл дүниенің қай қиырында жүрсең де бала кезіңде санаға ұялаған суреттерді өле-өлгенше сызып тастауың қиын.
30 Тамыз, 2017
Мың жерден төрткүл дүниенің оқуын тауысса да, азаматтық ұстанымы болмаса адам баласы білім саласындағы жиған-тергенін халықтың қажетіне жаратуы қиын-ақ. Осы тұрғыдан келгенде алаш қайраткері Әлихан Бөкейханнан асыра айту мүмкін емес: «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден». Біздің жұртына қызмет етуде тек білім аздық етеді дегенді меңзеп отырғанымыз да сол.
03 Шілде, 2017