Пікірлер .
Елдің жайын «Excel»-ге салып, шым-шытырық деректі шотқа қағып, есеп-қисапты шемішкеше шағатын статистика мамандары берген мәліметтерге байыптап бір қарасаңыз, байқайтыныңыз мынау – жыл өткен сайын ауыл халқы санының азайып бара жатқандығы. Ал керісінше, қала тұрғандарының қарасы қоңдана түседі. Тамырымыз сол бір алтын діңгектен тарағаннан кейін бе, әйтеуір ауыл десе алаңдап тұратынымыз анық...
08 Тамыз, 2024
Осыдан он-он бес жыл бұрын титімдей «сим-картаға» сіздің бүкіл өміріңіз сыйып кетеді десе, сенбеген болар едіңіз. Расымен де, қалай сенесіз? Бүкіл құжатыңызды папкаға салып қолтықтап жүрсеңіз... Ақшаны банкоматтан шешіп алғанның өзін үлкен жетістік көріп тамсанудан танбасаңыз... Ол қалай сонда деп ойланып, миымыз жетпей, мүмкін уақыты келгенде түсінерміз деп талай кейінге де ысырдық. Ал енді сол күндер туды...
29 Мамыр, 2023
Қарадан-қарап қалтамызға қара бақыр да құтаймады деп налитынымыз бар. Неліктен? Өйткені қай мағынасында қабылдамасаңыз да, біздің қалтамыз – «тесік». Ал тесік қалтаға теңге тұра ма?
30 Сәуір, 2023
Дәл қазір қымбатшылық «темасы» қазанда шыжғырылған майдай қызып-ақ тұр. Барған жерде баға айтылмаса, бас ауыратын болды. «Қос бүйірден қысқан қымбатшылық» деп бастамасаң, әңгімең де шоқалақтап әріге баспайды. Құрығырдан қашып құтыла алмай қалдық қой... Қызылкеңірдек болып жатқан жиналыста да, құж-құж қайнаған автобуста да, дүкеннің кезегінде де, тер моншақтаған моншада да, үйдің кіреберісінде де, астың үстінде де айтылып жатқаны – осы әңгіме. Жарасқан ағам жазғандай, «Теледидарды ашып қалсаң да.., радионы басып қалсаң да.., журналдарды парақтасаң да.., газеттерді қарап қалсаң да... сопаң етіп сол жарықтық шыға келеді...
06 Сәуір, 2023
Не заңдылығы бар екенін қайдам, әйтеуір әр жыл сайын көкөністің бір түрі «хитке» айналып тұрады. Қайбір жылдары, анау ковидпен күрескен карантиннің тұсында зімбірдің бағасы зеңбіректің оғындай зіркілдеп, ем таппай қиналған талай жұртты зар илетіп, зарықтырып еді. Содан соң сәбіздің «саудасы» жүрді. Сол кездерде сәт сайын өскен баға сегіз жүз теңгенің үстіне бір-ақ секірді деп улап-шуладық. Көп ұзамай картоп кетті... Аграрлы ел картоп таппай абдырады. Алыстағы Мысыр мен Пәкістанға амалсыздан алақан жаюға мәжбүр болдық. Ала баған асып келген астың арзан бағамен саудаланатындығын армандамай-ақ қойсақ болғандай еді, сонда... Қырыққабаттың да қыр көрсетіп қоятын «қыңырлығы» барын былтыр байқадық емес пе? Сонымен биылғы қоян жылының «хиты» – пияз.
20 Ақпан, 2023