Пікірлер .
Қазақ қай ісінің де қайырымы мен қайтарымын көргісі келетін ізгі де ілкімді халық. Көшпелі өмірінде замана көшінен қалмай бір малын екеу етіп, төрт тұяқтысының етін азық, жүнін киім, сүтін нәр етіп тіршілік кешті. Отбасына оймақтай пайда тигізбей ел кезіп, жалғыз атымен далақтап шапқан далабезерді «берекесіз» деді. Қоралы жанға қоныс болса да жыққанда бір атанға ғана жүк болар киізүйін жазда жайлауына, қыста қыстауына тігіп, түзде малын көбейтті, үйінде ұрпағын өрбітті. Яғни икемсіз іске күйінді, игілікті іске сүйінді.
02 Қазан, 2022
Қашан көрсең де қиялына қанат бітіріп, қисайғаннан қисын іздеп, түзелгенге түйсік түзіп, жалғанның жұмбағын жалғыз шешкісі келіп жүретін бір пәлсапашы таныстың қарап жүрмей, лингвистикаға да әуестігі ауғаны бар еді. Бір күні жерден жеті қоян тапқандай қуанышты жүзбен «жүрек» пен «сүйек» сөздерінің түбірін тапқанын айтты.
05 Қараша, 2020
Made in:niet һәм ниетпен жасалған мәдениет
Бұл тақырыпты түрлендіру немесе сөз ойнату тәсілі емес. Тыңнан түрен салған әйдік әлеуметтік теорияға да жатпайды. Жай ғана ой түрткі. Өйткені өмірдің өзі –мәдениет. Өмір сүргенің, ойнап күлгенің, елге тараған сөзің мен жерге қараған көзің, бәрі де түп-түгел түйсіктің біз білмейтін түкпірінде жинақталатын мәдениеттілік энергиясынан тамызық алады.
02 Қараша, 2017
Өзім дегенде... немесе self-made man
«Мешкей деген жақсы ат емес» демекші, өзеуреген өзімшілдік те соншалықты тәлім алар тәуір қасиет емес. Әсіресе, өзінікін таңсық, өзгенікін қаңсық көретін сабырсыз, сауатсыз, сауапсыз өзімшілдік дүниеқоңыздықтан туар дүрдараздықты өршітіп, қоғамда қолайсыз ахуал қалыптастырады. Бірақ біздің айтайын дегеніміз басқа өзімшілдік...
07 Тамыз, 2017
Естияр шаққа ілінгенде егде кісілердің аузынан «әркімнің туған жері Мысыр шәрі» деген сөзді жиі еститінбіз. «Әй, осы шалдар да айта береді, «Мың бір түндегі» Мысыр қайда, мимырт жатқан біздің ауыл қайда?» деп, шеңгел шарбақты шағын ауылдың көрінісіне онша көңіл тоғайта қоймайтынбыз.
24 Шілде, 2017
«Ең әуелі сөз болды», дейді Інжілде. Атам қазақ «тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар» деп тұжырымдайды. Яғни, сөз – құдірет. Асқақтатып өсіретін де, тұқыртып өшіретін де, көңілден көшіретін де сөз. Бағзыдан қалыптасқан тілмен тіресіп, сөзбен семсерлесу тәсілін бүгінгі әлемдік өркениет дәуірі «ақпараттық соғыс» деген ауқымы зор ұғыммен алмастырды.
11 Шілде, 2017
Халқымыздың бітім-болмысын бейнелейтін қазыналы қара өлеңдер топтамасын парақтап көріңізші. Даңғайыр даланың жусан исімен әтірленген жұпар ауасы дауылпаз көңіліңізді аспандатып, еріксіз шабытыңыздың шоғын үрлейді.
22 Маусым, 2017
Қуана білу мәдениеті һәм серотонинді сезіну
Адамзат табиғаттың төл туындысы, дәлірек айтсақ, бел баласы. Көктемде көңілің шуақтанып, жазда жаның жадыраса, күзде күйің солғынданып, қыста қабағың қатуланатыны да сондықтан.
09 Маусым, 2017
Берлиоздың қателігі немесе «алтын белортаны» анықтау
Философия ғылымында «алтын белорта» деген ұғым бар. Тіршіліктегі үндестікті үкілейтін, тепе-теңдікті үйлестіретін ұлағатты ұғым. Аристотельдің айтуынша, ернеуінен асқан аста-төк байлықтан да, тақырланған жұтаң жоқшылықтан да ешқашан ізгілікті іздей алмайсың.
29 Наурыз, 2017