Пікір • 12 Наурыз, 2026
Мемлекеттік басқару: Жаңа сапаға қадам
Ата заң жобасының жарияланып, бүкілхалықтық талқылауға ұсынылуы – ел болашағын айқындайтын тарихи уақиға. Бұл бастама тек құқықтық негізді жаңарту емес, мемлекеттік басқару жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған кешенді институционалдық реформа.
Зерде • 12 Наурыз, 2026
Ағайынды Дүйсен мен Дүйсенбі болыс
1896–1897 жылдары француздың археолог-этнографы, Париж географиялық қоғамының мүшесі барон Жозеф де Бай Ресейде зерттеу жұмысын жүргізді. Ол Қазан, Уфа, Перм, Екатеринбург, Түмен, Саратов, Мәскеу, сонымен қатар сол кездегі Ақмола облысының орталығы Омбыда болды. Осы сапары кезінде Жозеф тамаша фотосуреттерді таспалап, тарих қойнауында қалдырды. Соның ішінде қазақ тұрмысына қатысты оншақты сурет бар.
Ата заң • 12 Наурыз, 2026
Елдің институционалдық бағдарын қалыптастырады
Конституция жобасында жеке тұлғаны қорғаудың құқықтық кепілдіктері күшейтілді. Сондай-ақ адам капиталын дамытуға, білім мен ғылымды қолдауға, инновацияларды ынталандыруға басымдық берілген. Құжаттағы өзге де жаңашылдықтар «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» тақырыбында өткен сарапшылар алаңында кеңінен талқыланды.
Білім • 12 Наурыз, 2026
Осы оқу жылынан бастап оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты енгізілді. Мұны Денсаулық сақтау министрлігі өткен жылдың 4 наурызында бекітті. Алайда Солтүстік Қазақстан облысында оқушыларды тамақтандыруды жүзеге асыратын кәсіпкерлермен бағаға келісе алмағандықтан, бұл стандарт өңірде осы жылдың 10 қаңтарынан бастап қана еніп отыр.
Пікір • 12 Наурыз, 2026
Ата-анаға құрмет – елдік қасиет
Конституцияның жаңа нұсқасына кәмелетке толған, жұмысқа қабілетті ұл-қыздың еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасау міндетін бекіту туралы норма түрлі пікір тудырды. Бірі мұны мемлекеттің азаматтардың жеке өміріне шамадан тыс араласуы деп санаса, енді бірі мұны заман талабы деп қабылдады. Бірақ бұл норманың мәні тек құқықтық емес, терең адами, құнды маңызға ие.