Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Бәсеке заманда кәсіп меңгергеннің бәсі жоғары
Былтыр «Skills Enbek» кәсіптік оқыту платформасында 570 мың азамат, оның ішінде 53,5 мың жұмыссыз онлайн-курстарды сәтті аяқтап, сертификат алған. Бүгінде платформада барлығы 1,5 миллионнан астам пайдаланушы тіркелсе, олардың 925,7 мыңы қатарға былтыр қосылыпты.
Ән • 16 Қаңтар, 2026
«Жаңбыр төкті» әні қалай туды?
Өнерде шекара жоқ дейміз. Әсіресе ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қазақ пен қырғыз өнерінің кеңістігі тіптен жақын. Көрші ауылда ғажап бір ән туса, дабырасы мен даңғазасы қазақ топырағына жетпей қалмайды. «Жамгыр төктү эч басылбай, Биз келаттык көл-шал болуп. Жол кароого коз ачырбайт, Бет алдыдан шамал согуп». Әуезі аңызға айналған әйгілі «Жаңбыр төкті» де бізге осылай жеткен. Әні бірден елітіп, жазда төккен ақ жауындай жылы әсер етті. Тоңдырған жоқ. Қырғыз асып келген жауынды жыр талай жанды жұбатты. Өз тілімізде шырқалып, өз әніміздей құлаққа сіңді.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Өнеркәсіп өрістеп, тұрмыс түзелген
Кереге таулы Кеген ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай оң өзгерістер бар. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі жақсарып, әл-ауқаты арта түскен. Негізінен мал мен ауыл шаруашылығын кәсіп еткен өңірде кейінгі жылдары өндіріс өрісі де кеңейіп келеді. Тамылжыған табиғаты туризмнің қарқын алуына таптырмас негіз. Соның нәтижесінде экономикалық маңызы бар бірегей жобалар жоспарланып, жүзеге асырыла бастағаны өңір жұртшылығын қуантып отыр.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Балалар әдебиетінің бағбандары
Алматыдағы Ұлттық кітапханада Жазушылар одағы жанындағы Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің панельдік сессиясы өтті.
Өнер • 16 Қаңтар, 2026
Кейде адамның тағдырын бір ғана сәт шешеді. Бір қимыл, бір ишара, бір сәттік батылдық. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәкіл Құланбаевтың өмірінде сондай шешуші мезет – «ұшып жүрген шыбынды ұстау» сәті еді. Сол бір көзге көрінбес қимыл қазақ театр өнеріне өлмейтін өмір, өшпейтін есім сыйлады.