Қоғам • 11 Наурыз, 2026
Мексикадағы қазақтану: Мағжаннан Димашқа дейін
Димаш десе «Дайдидау» әні, «Дайдидау» десе Димаш есімі қатар аталатыны белгілі. Қайбір жылдары Димаш Құдайберген бір сұхбатында «Дайдидау» әнін әлемге танытсам» деген-ді. Әнші ол арманына жетті. Ал қостанайлық ақын Абылай Мауданның «Дайдидау» поэмасы 2005 жылы туып, автор кейін ән мен әнші танымал болғанда өз қаражатына орыс, түрік, ағылшын тілдеріне аударып, жинақ қылып шығарған. Аталған туынды енді испан тіліне аударылып отыр.
Саясат • 11 Наурыз, 2026
Ұлытау жұртшылығы конституциялық реформаны қолдады
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесті. Делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барды. Кездесуге депутаттар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері, қоғам қайраткерлері, заңгерлер, білім беру саласының мамандары және өңір тұрғындары қатысты.
Басылым • 11 Наурыз, 2026
Қаламгердің таңдамалысы таныстырылды
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі жазушы-публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шархан Қазығұлдың 70 жас мерейтойына орай жарық көрген «Таңдамалы» жинағының тұсаукесері өтті.
Ата заң • 09 Наурыз, 2026
Жаңа Конституция жобасы сот тәуелсіздігі мен құқық үстемдігін күшейтеді
Әділет ұғымы адамзат өркениетінде ежелден ерекше мәнге ие. Грек мифологиясындағы Фемида бейнесі – соның айғағы. Бір қолындағы таразы – әділдіктің өлшемі, екінші қолындағы қылыш – заңның күші, ал байланған көзі – төреліктің бейтараптығын білдіреді. Бүгінгі құқықтық мемлекеттерде де осы қағидаттар негізгі бағдар болып отыр. Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар да сот тәуелсіздігін күшейту және құқық үстемдігін қамтамасыз ету мақсатымен байланысты, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 09 Наурыз, 2026
Құралай Садықова, сарапшы: Конституциялық трансформация – маңызды бетбұрыс
Елімізде жүріп жатқан конституциялық реформалар мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған кең ауқымды өзгерістердің бір бөлігі. Тәуелсіздік жылдарында қабылданған Конституция елдің саяси тұрақтылығы мен мемлекеттік институттардың қалыптасуына негіз болды. Алайда қоғам дамыған сайын құқықтық жүйені де жаңа талаптарға бейімдеу қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда жаңа Конституция жобасы қазіргі кезеңдегі саяси, технологиялық және әлеуметтік өзгерістерге жауап беруге арналған құжат ретінде қарастырылып отыр.