Аймақтар • 15 Қаңтар, 2026
Облыс орталығының оңтүстік-шығысында 55 шақырым жердегі Камышенка ауылына дәл жаңа жыл кешінде жолға шыққан едік.
Әдебиет • 15 Қаңтар, 2026
Мұқағали Мақатаевтың бұдан жарты ғасыр бұрын жазған «Райымбек, Райымбек!» дастанының толастар тұсы есіңізде ме? Бұл жыр шабысы бөлек, шабыты сұрапыл ақынның бүкіл шығармашылығының соңғы мақсұт мәресі сынды. Егерде Құдірет үкімі ақынға «соңғы сөзіңді айт!» десе, маған Мұқағали осы дастанның соңғы шумақтарын ұсынатындай көрінеді.
Ғылым • 15 Қаңтар, 2026
Әлемдегі үздік кванттық офтальмолог, кванттық физика мен ЖИ маманы, Кардифф университетінің PhD Мұхит Құлмағанбетовтің «Entoptica» стартабы Гонконгта ақпараттық және коммуникациялық технология (ICT) сыйлығын жеңіп алды. Компания «Hardware and Device» санатында бас жүлде иегері атанып, «SLOPE» құрылғысы (Structured Light Observation Perception and Evaluation) қазылар алқасының Алтын жүлдесіне ие болды. «Entoptica» компаниясы ұсынған инновациялық құрылғы макулярлы дегенерация скрингіне арналған. «SLOPE» науқастарға қолайсыздық туғызбастан, макулярлы дегенерацияны екі минуттық тест арқылы ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2026
Павлодарда жүкті әйелдерге арналған пансионат ашылды
Павлодар облыстық перинаталдық орталығы жанынан жүкті әйелдерге арналған «Салауатты ана» пансионаты ашылды. Мекеме жылына 50 әйелге дейін қабылдай алады.
Құқық • 15 Қаңтар, 2026
Түнгі клубтар тәртіпке бағынбай тұр
Қазір түнгі клубтар мен ойын-сауық орындары қауіпті болып тұр. Бұлай дейтініміз кейінгі айларда орын алған қайғылы оқиғалар осы жерлерде көптеп тіркелді. «102» жедел арнасына түскен дамылсыз қоңыраулардың легі ойын-сауық орындарындағы құқық бұзушылықтарға қатысты болған.