Пікір • 15 Қаңтар, 2026
Өнертабыс ел қажетіне жарасын десек...
Бірде «Оңтүстік Қазақстан» газетінен журналист Аман Жайымбетовтің «Өнертапқыш өгей бала емес, өкімет...» деген проблемалық мақаласын оқыдым. Онда осы Оңтүстік өлкесінде тұратын жас өнертапқыштардың жоқтан бар жасап ашқан жанкешті еңбегі елден қолдау таппай ескерусіз қалғаны жазылған.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2026
Жетісудың жетекші Панфилов, Қаратал аудандарының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті – жоғары. Инвестиция, өндіріс, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым саласында үздіктер қатарында. Бірі жүгеріге қамбаны толтырса, бірі қант қызылшасына зәру зауыттардың сұранысын орындап отыр. Екі өңірдің тыныс-тіршілігі қашанда назардан тыс қалған емес.
Ғылым • 15 Қаңтар, 2026
Қ.Сәтбаев университеті жанындағы Физика-техникалық ғылыми зерттеу институтының базасында іске қосылған тәжірибелік-өнеркәсіптік желі жұмысы қорытындыланды. Елімізде күн панельдерін отандық негізде өндіруге бағытталған жаңа жоба нақты нәтижесін бере бастады. Жоба «ТехноГруппСервис» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған. Өндірістік желі жылына қуаты 150 мегаваттқа дейінгі күн модульдерін шығаруға есептелген.
Балалар • 15 Қаңтар, 2026
Балаларға қамқорлық: іргелі іс-шаралардың нәтижесі
Ел халқының 34 пайызы балалар әрі бұл көрсеткіш жыл сайын тұрақты өсіп келеді. Мұндай демографиялық серпін олардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттің міндетін күшейте түседі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда бұл мәселені әлеуметтік тақырып аясынан ұлттық жауапкершілік деңгейіне көтерді. Мемлекет басшысы жергілікті билік өкілдері мен қоғам белсенділерінің бірлесіп, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін «Қазақстан балалары» атты бірыңғай бағдарлама қабылдау қажеттігін айтты.
Ғалам ғажаптары • 15 Қаңтар, 2026
«Hyundai» 2028 жылдан бастап адам тәрізді роботтарды АҚШ-тың Джорджия штатындағы зауытында іске қоспақ. Қазір кәсіпорын жылына 30 мыңға дейін құлтемір өндіруді көздеп отыр.