Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Күні бүгінге дейін 5 мыңға жуық операция жасаған білікті травматолог дәрігер Ербол Шыршықбай алғыс арқалап жүрген абзал жан. Гиппократ антына адалдық танытып жүрген оған үлкендердің ақ батасын, кішілердің ризашылығын алу күнделікті дағды.
Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Бүгінде Қостанай облысында 85 мыңнан аса украин ұлтының өкілі тұрып жатыр. Олардың ішінде ел қатарлы адал еңбек етіп жүрген қарапайым жандар, ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген кәсіпкерлер, түрлі салада жоғары жетістікке жеткен үлгілі азаматтар көп.
Пікір • 28 Ақпан, 2026
Алғыс айту күні әлемнің көптеген елінде бар, ресми түрде бекітілген. Қазір осы мемлекеттердің барлығында дерлік Алғыс айту күнінде адамдар бір-біріне алғыс жаудырып, мерекелік дастарқан басына жиналады. Біз де кейінгі жылдары әріптес, дос, ата-ана, бауырларға алғыс білдіруді дағдыға айналдырып келеміз. Ең қызығы, бұл күн адамзаттың табиғатқа, оны жаратқан Құдайға алғыс айтудан басталған. Бара-бара адам оны өзіне қарата икемдеп алды.
Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Ауғанстан азаматтарының ықыласы
Ұлттық статистика бюросы бөліскен сандарды сөйлетсек, еліміздегі жоғары оқу орындарында 33,5 мың шетелдік азамат білім алады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,7%-ға көп. Кейінгі үш жылда шетелдік студенттер саны тұрақты өсіп келеді, 2022 жылдан бері жыл сайын 3–3,5 мың адамға артып отыр.
Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Анам жағынан таратқанда менің арғы атам Пермь өңірінен Қазақстанға 1892 жылдары келген екен. Олар осы Петропавл қаласында өмір сүріпті. Ал нағашы атам осында реалдық училищені бітіріп, бухгалтер мамандығын алып, «зооветснаб» саласында экспедитор болып істеді. Қазақтармен бірге жұмыс істеп, үнемі араласып тұратын. Малға дәрі алу үшін ауылдағы кеңшарлар мен ұжымшарлардың басшылары, жабдықтаушылары жиі келетіні есімде. Қазіргі Интернационал көшесіндегі алтыншы үйде тұрды. Сол үйге ауылдың қазақтары келіп, қонып та жүретін. Кейін бұл үй сүріліп, атам мен әжеме басқа жерден жаңа үй берді. Атамның аты Борис Михайлович Могильников еді, шешем – сол кісінің қызы.