Мереке • 01 Наурыз, 2026
Алғыс антологиясы: Мереке мәні неде?
Біздің ел көктемнің алғашқы күнін алғыс айтудан бастайды. Қиын-қыстау заманда қолтығына сүйеу, көңіліне демеу болғаны үшін қазақ халқына түрлі этнос өкілдері ризашылығын білдіреді. Уақыт өте келе мерейлі мереке рухани сипат алып, адамдар ата-анасы, ұстаздары, достары секілді жақын-жуық жандарына алғыс айтатын болды. Қызық, бір-ақ ауыз сөздің көңілге көктем сыйлайтын қандай сиқыры бар? Расында бұл терең тақырып. Ендеше алғыс айту құбылысының пәлсапалық, психологиялық негіздеріне тоқталып, оның ұрпақ санасында жаңаша түрде қалай жаңғырғанын зерделеп көрейік.
Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Алексей Лодочников – Ертіс бойындағы қалың қазақтың арасында өскен жігіт. Бала кезінен жүрегі қазағым деп соғады. Домбырамен халқымыздың ән-күйін құйқылжытып ойнауы бір бөлек, ол – бүгінде мемлекеттік тіл мен ұлт мәдениетіне олжа салып, көсегесін көгертсем дейтін санасы сергек азаматтың бірі.
Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Бірлік пен келісім жолындағы миссия
Қазақ жеріне табан тіреген талай этнос ризашылығын білдіретін Алғыс айту күні ел бірлігінің рәмізіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған тарихи датамен тікелей байланысты. Үш онжылдықты еңсерген ұйым бүгінде қоғамдық келісімнің темірқазығына айналып, сан алуан мәдениетті ортақ мүдде аясына ұйыстырды. Уақыт сынынан өткен іргелі институт құрылымы елдегі саяси жаңғыру кезеңінде қалай өзгереді?
Қоғам • 28 Ақпан, 2026
Бата-тілектің ең қысқа нұсқасы
Біз «алғыс», «рахмет» сөздерін өте жиі қолданамыз. Бұл, бір жағынан, ортамыздағы адами қатынастың жақсы деңгейін білдірсе, екіншіден, өзара сыйластықтың өлшемі секілді көрінеді. Осы екі сөздің шығу төркіні мен табиғатына аз-кем үңілсек, артықтық етпес.
Құтқарушы • 28 Ақпан, 2026
Халық құрметтеген құтқарушылар
Халықтың қошеметіне бөленіп, алғысына кенелгені көп насихаттала бермейтін сала қызметкерлері – төтеншеліктер. Төтенше жағдайлар министрлігіне бағынысты мекеменің жүрек жұтқан, қандай қауіп-қатерге де қасқайып қарсы тұратын жауынгерлерінің жарқын істері әрдайым құрметке лайық. Күн мен түн алмасқан тәуліктің әр мезетінде қалтқысыз қызмет атқаратын құтқарушылар – нағыз от пен су кешетін жандар.