Ата заң • 03 Наурыз, 2026
Өңір жұртшылығы әділеттілік пен тұрақтылықты қолдайды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Маңғыстау облысы мен Атырау облысы тұрғындарымен кездесіп, Ата заңның жаңа нормалары жөнінде мол мағлұмат берді.
Өнер • 03 Наурыз, 2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы сахнасында «Astana sazy» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі «Аспаптар шеруі» атты жеке концертін өткізді.
Саясат • 03 Наурыз, 2026
Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл
Қасым-Жомарт Тоқаев тұтас ұлт тағдырын мойнына алған жеті жылда еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму моделінде ауқымды әрі жүйелі өзгерістер болды. Бұл жылдар жер бетін түгел жайлаған пандемия, әлемдік экономиканың баяулауы, инфляциялық және логистикалық сын-тегеуріндер, геосаяси тұрақсыздық сияқты жаһандық ахуалдың аса күрделі кезеңімен, сондай-ақ жылдар бойы жалғасқан ішкі экономикалық әрі саяси теңсіздіктерді еңсеру қажеттілігімен тұспа-тұс келді.
Қоғам • 02 Наурыз, 2026
Суррогат ана болу – мамандық па, мәжбүрлік пе?
Елімізде суррогат ана қызметі заңмен реттелген. Осыдан 10-15 жыл бұрын қазақ қоғамы бұл қызмет түріне тосырқай қарайтын болса, қазір сәби сүюге зар болып жүрген ерлі-зайыптылар үшін бірден бір мүмкіндікке айналып келеді. Дегенмен қоғамда «құрсағын жалға беретін» қыз-келіншектерді сынайтындар әлі де бар. Суррогат ана қызметі қалай жүзеге асады? Қыздар үшін бұл мамандық па мәжбүрлік пе? Egemen.kz тілшісі осы мәселеге қатысты зерттеу жүргізіп көрді.
Мереке • 01 Наурыз, 2026
Оксана Тарабрина: Қазақ халқының дархан пейіліне ризамыз
Қайсыбір ұлт өкілінен қазақ халқы жайлы сұрай қалсаңыз, ең алдымен оның бауырмалдылығын, кеңпейілділігін, қонақжайлығын ерекше атап өтеді. Бұл – ғасырлар бойы түрлі ұлт пен ұлысты жатсынбай, бауырына басып, сайын даласындай кеңпейілімен құшақ жая қарсы ала білген халқымыздың кеңдігі мен кемелдігінің, даналығы мен даралығының айғағы. Жеріміздің кеңдігімен қатар пейіліміздің кеңдігі, ынтымақ пен татулыққа негізделген тірлігіміз – әлемге үлгі боларлық құндылық.Алғыс айту күні – осындай асыл қасиеттерді дәріптейтін, тағдыр тоғыстырған түрлі этнос өкілдерінің қазақ халқына деген ризашылығын білдіретін ерекше мереке.