Өндіріс • 20 Ақпан, 2026
Бұқтырылған киік еті саудаға шықты
Орал қаласында алғаш рет киік еті өндірістік деңгейде өңделіп, қалбырда бұқтырылып, сауда сөрелеріне жол тартты. «Күбілей» зауыты қазір тәулігіне 15 мың дана қалбырдағы дайын өнімді нарыққа шығарып жатыр.
Таным • 20 Ақпан, 2026
Білімге құштар ұрпақты баптауда балалар басылымының арқалар жүгі зілмауыр. Кітап бетін парақтап, газет-журнал оқитын ұрпақ тәрбиелеу мұратына жету жолында бағытынан айнымай келе жатқан балалар басылымының бірі – «Айгөлек» журналы. Бірнеше буынның айнымас серігіне, ой бөлісер сырласына айналған басылымға биыл 25 жыл толды.
Еңбек • 20 Ақпан, 2026
Еңбек нарығы: маман көп, жұмысшы тапшы
Еңбек нарығында екі қолға бір күрек таппай жүрген жоғары немесе кәсіптік білімі бар, еңбекқор, талапты жастар көп. Шын білікті маманға зәру мекеме мен кәсіпорын да жетерлік. Жұмысын жетік білетін кадрға жоғары жалақы ұсынатындар бір қауым. Кейде сол өз ісінің шеберлері жұмыс берушілердің көзіне бірден түспейді. Осының барлығын дұрыс үйлестірсек, еңбек нарығындағы ахуал жақсарары сөзсіз.
Сұхбат • 20 Ақпан, 2026
Бексұлтан Нұржеке, Қазақстанның Халық жазушысы: Келешекке деген үміт шырағы ешқашан да сөнбеуге тиіс
– Бексұлтан аға, әңгімемізді жеке шығармашылығыңыздан бастасақ. Мемлекеттік сыйлықты алған «Ай, дүние-ай» романыңызды оқығанда 1916 жылғы Қарқара көтерілісінің ащы шындығын көзбен көріп, қан майданның ішінде жүргендей әсер алдық. Роман басында осы тарихи оқиға туралы мол дерек қалдырған ақын Көдек Байшығанұлы туралы қысқаша айтылады да, сосын ол тұлғаның образына мүлдем қайта оралмайсыз.
Медицина • 20 Ақпан, 2026
Ақтауда урологиялық операция жасалады
Маңғыстау облысында дәрігерлердің білімі мен білігін арттыру бағытындағы түрлі басқосу, семинар, тәжірибелік сабақ жиі ұйымдастырылады. Жақында облыстық көпбейінді ауруханасының базасында урология, онкоурология саласындағы озық әдістерді тәжірибеде қолдануға арналған шеберлік сағаты өтті.