Аймақтар • 20 Ақпан, 2026
Төрт жасында 6-сыныптың есебін шығарады
Түркістан облысының Қазығұрт ауданына қарасты Алтынтөбе ауылында ерекше қабілетімен көзге түскен дарынды бала өсіп келеді. Небәрі 4 жасында мектепке барған Әли Адамбек ойша күрделі есептер шығарады. Екі және үш таңбалы сандарды оңай есептейді. Көбейту амалдарын ағылшын тілінде еркін орындайды.
Қоғам • 20 Ақпан, 2026
Құқықтық мәдениетті нығайтатын қадам
Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы «Тұран-Астана» университетімен бірлесіп, жаңа Конституция жобасы мен жалпыұлттық референдум жөнінде «Jastar X» диалог алаңында студент жастармен кездесу өткізді.
Тарих • 20 Ақпан, 2026
Тіл тазалығы – ғасырға ұласқан мәселе
Осыдан тура 100 жыл бұрын, «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылғы №29 санында «Баспасөз қатесіз болсын!» деген мақала жарияланды. Авторы – Міржақып Дулатұлы. Міржақып мақаласын Мадияр бүркеншік есімімен жазды.
Қоғам • 20 Ақпан, 2026
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Ұлытау өңірлік филиалы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастырып жатыр. Облыс көлемінде 400-ге жуық кездесу өткізу жоспарланған.
Басылым • 20 Ақпан, 2026
Биыл – Омбы қаласындағы қазақ жастары шығарған «Балапан» қолжазба журналының жарық көргеніне 110 жыл. Журнал 1916-1918 жылдары «Бірлік» ұйымының жанынан шығып тұрды. «Бірлік» ұйымы мүшелері қатарында Мағжан Жұмабайұлы, Дінше Әділов, Қошке Кемеңгерұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, Асылбек Сейітов, Асқат Сайдалыұлы, Әбдірахман Байділдин т.б. қазақ жастары болғаны белгілі. Олар қазақ халқының мәдениетін, өнерін, әдебиетін көтеру арқылы халықтың ұлттық сана-сезімін оятуды мақсат тұтты. «Балапан» журналын да олар сол үшін шығарды. Алдына осындай үлкен мақсат қойған журналды кімдер басқарды?