Жастар • 20 Ақпан, 2026
Отаншылдық ұғымын қалай түсінесің?
Бүгінде отаншылдық идеясы елдің аса маңызды стратегиялық тірегіне айналды. Ал ортақ құндылықтарға топтасқан қоғам ғана тұрақтылық пен бірлікті сақтай алады. Осы орайда «Сіз үшін отаншылдық деген не және оны күнделікті өмірде қалай көрсетуге болады?» деген сауал төңірегінде жастардың пікірін білген едік.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2026
Қауіпті дертті сәулемен емдейді
Қостанай қалалық онкологиялық көпсалалы ауруханасына «Halcyon» желілік үдеткіші орнатылды. Заманауи құрылғы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен 2,7 млрд теңгеге сатып алынып отыр.
Жастар • 20 Ақпан, 2026
Былтыр сәуір айында Мемлекет басшысының жастар саясатын дамытуға қатысты тапсырмасына сай, Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы құрылған болатын. Осы ретте, аталған басқарманың атқарған жұмыстарына шолу жасаған едік.
Реформа • 20 Ақпан, 2026
Коалиция мүшелері Алматы облысы жұртшылығымен жүздесті
Қонаев қаласының Мәдениет үйінде жаңа Конституция жобасы мен 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға арналған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің кездесуі өтті. Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Жиынға Мәжіліс депутаттары Мақсат Толықбай, Жанарбек Әшімжан, Сергей Пономарев және қоғамдық институттар, әлеуметтік қолдау саласының өкілдері, білім саласының мамандары, жастар ұйымдары мен өңір белсенділері қатысты.
Тарих • 20 Ақпан, 2026
Ашық теңіздегі ажалмен арпалыс
Әр сәті бейкепіл – фәни жүзі. Дегенмен, бәлкім содан да, пенде басымыз таң қаларлық сәттер, кездер аз емес. Мәселен, үш-төрт жыл бұрын өз басым айрықша қадірлейтін Елемес Рахметов ағамыздың әңгімесі ерекше елең еткізді. Сәті қазір түсіп, ақ қағазға қаттап қоюды жөн санадым. Бұл жердегі ең негізгі ой – адам баласы үшін тіршілік атаулының, перзенті алдындағы адалдығының қаншалықты құнды екені туралы. Расында, осынау оқиғаны әдеби шығарма түрінде беруге ықыластанғам әу баста. Эрнест Хэмингуэйге ұсынсаң, тағы бір «Шал мен теңіз» шығармасына ұласарлық оқиға.