Білім • 19 Ақпан, 2026
Мектептегі қағазбастылық мәселесі көп жылдан бері білім жүйесіндегі шешілмейтін түйінге айналды. Мұғалімдер құжат пен есепке көп уақыт жұмсайтынын айтса, жас мамандар жұмысқа бейімделе алмай саладан кетіп жатыр. Ал Оқу-ағарту министрлігі цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу арқылы оқу барысын жеңілдетуге тырысып жатқанын алға тартады.
Саясат • 19 Ақпан, 2026
Тиімді сауда – тұрақты өсімге сеп
Сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысында былтырғы жұмыс қорытындыланып, биылғы басты міндеттер айқындалды. Жиынды Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ашып берді.
Тұлға • 19 Ақпан, 2026
Адалдық антынан аттамаған адамның жүзі қай кезде де жарық болады. Еселі еңбегімен елдің құрметіне бөленген абзал азаматтардың жүйелі жұмысы ешқашан да жұрт жадынан өшпек емес. Тік жүріп турашылдығынан танбаған Тәліпбек Сапарбекұлының өзі өмірден өтсе де, артына қалдырған мұрасы оның тұлғасын биіктете беретіні даусыз.
Саясат • 19 Ақпан, 2026
Коалиция мүшелері Түркістан жұртшылығымен кездесті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Түркістан облысының тұрғындарымен жаңа Конституцияның негізгі ерекшеліктерін талқылады. Түрлі алаңда өткен кездесулерге зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер мен жастар қатысты.
Спорт • 19 Ақпан, 2026
Нью-Делиде нысана көздеуден Азия чемпионаты аяқталды. Жарысты еліміздің құрамасы 26 жүлдемен (3 алтын, 16 күміс, 7 қола) қорытындылады. Жалпы командалық есепте мергендеріміз екінші орынды еншіледі. Бірінші орынды Үндістан олжаласа, үшінші сатыға Өзбекстан табан тіреді.