Экономика • 26 Желтоқсан, 2025
«Бәйтерек» – экономикалық орнықты дамудың драйвері
«Бәйтерек» холдингі – ел экономикасының тұрақты өркендеуіне серпін беріп отырған стратегиялық құрылым. Мемлекеттік даму институттарын бір арнаға тоғыстырған холдинг кәсіпкерлікті ілгерілетуге, инвестициялық ахуалды жақсартуға, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұдайы үлес қосып келеді. Жақында «Бәйтерек» – ұлттық инвестициялық холдинг болып өзгертіліп, қызмет аясын кеңейте түсті. Ендеше, қайта құрылған бірегей институттың алдағы межелі міндеттері мен атқарған ауқымды жұмыстары жөнінде айта кеткенді жөн көрдік.
Қылмыс • 26 Желтоқсан, 2025
Алаяқтар бала арқылы алдауға көшті
Ата-анаға үшін баланың қауіпсіздігінен маңызды дүние жоқ. Осыны білетін алаяқтар кейінгі кезде жаңа қитұрқылыққа көшті. Бұрын банк атынан хабарласып шатастырса, енді «ата-ана бақылауы» дегенді алға тартып, мектеп чаттарына кіріп, тіпті балаларға да қоңырау шалатын болған.
Үкімет • 26 Желтоқсан, 2025
Өнеркәсіп әлеуетін арттырудың алғышарты
Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар инфрақұрылымын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиынға қаржы, өнеркәсіп және құрылыс министрлері, «Бәйтерек» холдингі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының басшылығы қатысты.
Саясат • 26 Желтоқсан, 2025
Бастамашыл заңдардың басым бөлігі «Amanat» фракциясына тиесілі
Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері осы жылы атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы уақытта қолға алынатын негізгі мақсат-міндеттерді талқылады. Депутаттар Мемлекет басшысының тапсырмалары, сондай-ақ Президент пен партияның сайлауалды бағдарламалары сапалы әрі уақтылы орындалып жатқанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар заң шығару қызметінің нәтижелері сараланып, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер айқындалды және сайлаушылармен кездесу үшін депутаттардың өңірлік сапарларына дайындығы пысықталды.
Заң мен Тәртіп • 26 Желтоқсан, 2025
Құқыққа – сенім, тәртіпке – құрмет
Өңірде «Профилактика жылы» аясында басталған «Құқықтық тәртіп әліппесі» жобасы – құқық қорғау органдарының қоғаммен байланысын жаңа деңгейге көтеруді мақсат еткен айрықша бастама. Бұл – полицей департаментіне экскурсия ғана емес, полиция қызметінің ашықтығын арттыру арқылы қоғамдық сенімді нығайтуға бағытталған жүйелі қадам.