Саясат • 27 Желтоқсан, 2025
«Қамқорлық» орталығының қызметімен танысты
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ депутатпен бірге Астанадағы әлеуметтік нысандар – «Қамқорлық» ерте араласу және психоәлеуметтік оңалту орталықтарының қызметімен танысты. Мекеме ұжымдарымен кездесуде мүгедектігі бар балаларды оңалту, оларға қызмет көрсету және ортаға бейімдеу шараларын жетілдіру ісіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Саясат • 27 Желтоқсан, 2025
Салалық ынтымақтастық орныға түсті
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайға жұмыс сапары барысында Ханчжоу қаласында Чжэцзян провинциясы партия комитетінің хатшысы Ван Хао мырзамен, сондай-ақ Қытайдың жетекші өнеркәсіптік компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді.
Білім • 26 Желтоқсан, 2025
Антикадан Астанаға дейін: кітапханалар қалай жаңартылып жатыр?
Адамзат тарихына үңілсек таным үдерісі жылдан-жылға күрделене бергенін байқаймыз. Оны «екінші табиғаттан», яғни адам жасаған мәдени нысандардан анық аңғаруға болады. Кезінде бірқатар сөре, парта, орындық болса, ол бөлме оп-оңай «кітапхана» атана беретін. Ол уақытта кітапхананың басты міндеті кітапты сақтау, ал оқырмандікі оны оқумен ғана шектелетін. Бұл түсінік бүгін түбегейлі өзгерді. Қазір адам ақпаратқа емес, кеңістікке зәру. Алған білімін бөлісетін, пікір алмасатын жер іздейді. Шығармашылық ортаға енгісі келеді. Сайып келгенде ішкі әлемін ретке келтіретін мекенге мұқтаж. Осы сұраныс кітапхананың мазмұнын кеңейтті. Ол енді жай ғана кітап сақтайтын орын емес, әлеуметтік, мәдени, зияткерлік үдерістер тоғысатын тірі ағзаға айналды.
Үкімет • 26 Желтоқсан, 2025
Сенат қызметінің нәтижесі: Биыл 102 заң қаралды
Кеше Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның биылғы қорытынды отырысы өтіп, күн тәртібінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында әзірленген бірқатар заң қаралды. Сондай-ақ жыл барысында атқарылған жұмыс қорытындыланып, сенаторлардың өңірлерге алдағы сапарларына қатысты міндеттер белгіленді.
Саясат • 26 Желтоқсан, 2025
Отандық азық-түлік өндірісін қолдау тетігін түбегейлі күшейтуге жаңа жұмыс тобы құрылды. Бұл бастама Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында берген нақты тапсырмасы аясында қолға алынды. Жұмыс тобына тамақ өнеркәсібі саласындағы салалық қауымдастықтар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері енді.