Құқық • 01 Ақпан, 2024
Еліміздегі омбудсмен институтына 20 жылдан асты. 2002 жылы Президент Жарлығымен құрылғанымен де, демократияға ұмтылатын мемлекеттің міндетті элементі ретінде адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын жандандыру бастамасы кейінгі жылдары ғана қолға алынды.
Жұмыс • 01 Ақпан, 2024
Ұлттық статистика бюросының соңғы дерегінде елдегі жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,3 пайыз деп көрсетілген. Бұл санды 2022 жылмен салыстырсақ (3,9%), көрсеткіш сәл төмендеген. Бірақ жыл сайын жаңа бағдарламадан үміт күтіп, ескіден түйін шығарсақ та қоғамды кәсіпке баулу, іс қылып, қызмет қылу қиындап барады. Мәселенің мәні неде?
Теннис • 01 Ақпан, 2024
3-4 ақпан күндері Оңтүстік Америка құрлығындағы ең көрікті қалалардың бірі Росариода Дэвис кубогінің іріктеу сайысы өтеді. Бұл бәсекеде Қазақстанның ұлттық құрамасы Аргентина теннисшілеріне қарсы ойнайды.
Спорт • 01 Ақпан, 2024
Жуырда өткен жылдың қорытынды рейтингі шықты. Бұл мәселеге баса назар аударуымыздың себебі, Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми сайтында жарияланған сол тізім арқылы биыл Парижде алауы тұтанатын жазғы Олимпия ойындарына қай елдің балуандарына қанша жолдама бұйырғаны анықталады.
Жоба • 31 Қаңтар, 2024
Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша кейінгі жылдары ауылдағы жас мамандарға квота бөлініп, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда елдегі жастар мұны толыққанды пайдалана алмай отыр. Аталған бағдарлама бойынша ауылдағы қыз-жігіттердің шетелдік жоғары оқу орнына түсу көрсеткіші тым төмен.