Сұхбат • 16 Қаңтар, 2024
Аймақтық ерекшелік ескерілгені жөн
Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Бұл ретте ел Президенті алдағы үш жылда агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуді тапсырды. Осы орайда ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Еркін ҚАСЫМОВПЕН әңгімелескен едік.
Қылмыс • 16 Қаңтар, 2024
Қаңтардың алғашқы күндері Ақтөбе қаласының іргесіндегі Қызылжар ауылында болған қайғылы оқиға біраз жұртты дүрліктіргені рас. Елді мекендегі дүкен жанында түнгі 11-лер шамасында он жігіттің арасындағы болған төбелес екі колледж студентінің өлімімен аяқталған еді.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024
Түркістан өңірінде кітап оқуға жұрттың қызығушылығын арттыру, мүмкіндік жасау бағытында бірқатар бастама қолға алынған болатын. Мысалы, былтыр аудан, қала әкімдіктерінде «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы жүзеге асырылды. Ал биыл халық көп шоғырланған орында білім беру және мәдени платформа құру мақсатында «Базардағы кітапхана» жобасы іске асырыла бастады.
Технология • 16 Қаңтар, 2024
Былтыр ел ішіндегі 251 ауылға интернет қосылып, 1 463 ауылда интернет сапасын жақсарту жұмысы жүргізілді. Сөйтіп, интернет сапасы 14,4 пайызға жақсарды. Цифрлық даму министрлігінің жоспары бойынша 2027 жылға дейін тағы 250 ауыл интернетпен қамтылуы керек.
Олимпиада • 15 Қаңтар, 2024
Канвон-2024: Жас өрендерге сәттілік тіледі
Елордада Оңтүстік Кореяда өтетін IV қысқы Жасөспірімдер олимпиадасына отандық спортшыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі болды. Төртжылдықтың басты жарысы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвон провинциясының Каннын қаласында өтеді.