Қоғам • 08 Қаңтар, 2024
Датук Камарудин МЕРАНУН: Қазақстан мен Малайзияның тығыз байланысы – негізгі арманым
Қазіргі таңда Қазақстанмен барыс-келісті, алыс-берісті жолға қоюға мүдделі болып отырған мемлекеттің бірі – Малайзия. Оның айғағы – Оңтүстік-Шығыс Азияның қақпасы іспетті ел осы мақсат жолында нақты қадамдарға барып отыр. Алматы мен Куала-Лумпур арасын жалғау үшін Азияда 14 жыл қатарынан ең үздік әуекомпания деген атақты бермей келе жатқан, жылына 800 миллионға жуық жолаушы таситын «AirAsia X» лоукостері нарыққа келді.
Әлем • 08 Қаңтар, 2024
Қазір Ұлыбританияда саңырауқұлақ, орамжапырақ және алма жинау маусымы жүріп жатыр. Кейінгі екі жылда «Brexit» пен Украинадағы қақтығысқа байланысты фермерлер әдеттегідей жұмыс күшін Қазақстан, Қырғызстан, Индонезия, Вьетнам секілді мемлекеттерден тарта бастады. Тұманды Альбионға келгеннен кейін өзіміз тұрақтанған қалада қандай ірі шаруашылық бар екен деп құлағымызды түріп жүрдік. Ниетіміз – екі қолға бір күрек іздеп келген қазақтар болса, жолығып, сөйлесу.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2024
Өнеркәсіп алпауыттары геологиялық барлауға белсене кірісті
2023 жылғы 20 желтоқсан күні e-qazyna.kz платформасында электрондық аукцион сәтті өткеннен кейін еліміздің тау-кен өнеркәсібі әлемдегі ең ірі компаниялардың назарына ілікті. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, бұл тарихи сәт елдің өсіп келе жатқан тартымдылығын арттыра түсті. Сәйкесінше қазіргі уақытта «Riotinto» (Аустралия, Ұлыбритания), «Fortescue» (Аустралия), «Kratos Resources» (Ұлыбритания), «Cove Capital» (АҚШ), «Eczacibasi Holding» (Түркия), «Қазақмыс корпорациясы» (Қазақстан), «ERG Exploration» (Қазақстан), NGK «Қазгеология» (Қазақстан) және басқа да алпауыт компаниялардың назары түсті.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2024
Ардагерлерді алаламаса екен...
Мен 1940 жылы дүниеге келіп, есімді білгеннен соғыстан сансырап шыққан елдің еңсесін түзеуге атсалысқандардың бірімін. Әрине, қоғамға жасаған қызметімізді бұлдамаймыз. Бірақ жарты әлемді жайпаған соғыстан кейін тірлікке араласып, жұртпен бірге талай қиындықтан өткен бізге қартайғанда әлеуметтік жағдай жасалмай отыр. Мен де, осы күні қатары сиреген менің қатарластарым да осы уақытқа дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ала алмай келеміз.
Алматы • 08 Қаңтар, 2024
Қазақ-Британ техникалық университетінде жатақхана және спорт кешені ашылды. Тоғыз қабатты жатақханада студенттерге сапалы білім алуға қолайлы жағдай қарастырылса, шамамен 200 орынға арналған үш қабатты спорт кешенінде үстел теннисі, бокс, күрес, футзал, волейбол, баскетбол, гандбол және басқа да спорт түрлері, бұған қоса хореография сабақтарын өткізуге арналған жаттығу залдары жұмыс істейді.