Тұлға • 27 Желтоқсан, 2023
Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова биыл 103 жасқа келді. Ғибратты ғұмыры талайға үлгі болған ғазиз жан – Алматының ең егде тұрғындарының бірі. Телевизия арқылы бүтін бір дәуірдің шежіресін жасаған шебердің өмір белестерінен сыр шертетін «Өмір өтіп барады көрген түстей...» атты кітабы жарық көрді.
Архив • 27 Желтоқсан, 2023
Тарих парақтарын көзінің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ететін мамандардың еселі еңбегін ел тани бастаған. Елдің өткенінен сыр шертетін ақпарат-деректерді іздеп тауып, шаң басқан сөрелерге көз майын тауысып тарихты қаттап жатқан архившілер қауымының арқасында қаншама ақтаңдақтарымыз танылып жатыр. Ақсудағы мемлекеттік архивте бұл тарапта аз шаруа атқарылмаған.
Руханият • 27 Желтоқсан, 2023
Жанның үш қуаты туралы Абай пікірінің түпкі таным-тамыры туралы «Жан және «Еуропаның жағалауы» атты мақаламыз туралы «Абайды дұрыс зерделейік» («Egemen Qazaqstan», 22.12.2023) атты бізге түсініксіз ойында пәлсапашы-академик Ғарифолла Есім: «Сіз философияның нендей білім саласы екенінен хабарсыз екенсіз» деп, өзін «ұлт қамын ойлаған» абайшыл, ал бізді («Абай өмірде болмаған, ол – қолдан жасалған жалған тұлға. Оның өлеңін Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов, ал қарасөзін М.Әуезов жазған», «Абай жолын» Л.Соболев жазған», «М.Әуезов – Сталиннің фавориті» деген күлдібадамның «ғылыми жұмысына» жетекшілік етпесек те) Абайды «шоқындыруға ұмтылғандар» ретінде көрсетіпті.
Егемен Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2023
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2023
Өнертапқыштың электронды тақтасы
Жылыой ауданындағы жас техниктер стансасында роботтық техника үйірмесіне жетекшілік ететін өнертапқыш Қуаныш Шалабаев екі электронды тақта құрастырды. Тақталарға сойылған қойды жіліктеу, табақ тарту тәсілі енгізілген.