Өнертапқыштың айтуынша, электронды тақта жастар арасында сойылған қойды жіліктеуді насихаттау мақсатында құрастырылған. Тақтаға қойдың бейнесі салынып, әр жіліктің атауы көрсетілген. Әр жіліктің атауы бар нүктені басқанда, оның қай табаққа салынатыны туралы жарық жанады.
«Қойды жіліктеу бұрыннан келе жатқанымен, жастардың дені оны білмеуі мүмкін. Табақ тарту да ұмытыла бастады. Мұны жастарға үйретуіміз қажет. Сол себептен, жас буынның қызығушылығын ояту үшін Аrduino бағдарламасын қолдану арқылы «Qazaq dastur board» жобасымен екі электронды тақта дайындадым. Бірінші тақтада қойды жіліктеу, екіншісінде табақ тарту әдісін ұсындым», дейді Қуаныш Шалабаев.
Оның жобасына қызығатындар көп. Одан электронды тақтаны сұраушылар да бар. Жергілікті өнертапқыштың бұл жобасы өзге өңірлерге таратуға сұранып-ақ тұр.
Атырау облысы