Архив • 25 Желтоқсан, 2023
Құнды құжат көшірмесі елге жеткізілді
Мәденит және ақпарат министрлігі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жазба жәдігерлер және рухани мұра» ғылыми зерттеу мекемесінің ұйымдастырумен «Үндістан елінің қорларындағы Қазақстан тарихына қатысты көне қолжазбалар мен архивтік деректер» атты ғылыми семинар өтті.
Жәдігер • 25 Желтоқсан, 2023
Әлем таныған қазақ балуаны, Ұлы даланың біртуар перзенті, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының қанжары 111 жылдан соң Астанадағы Ұлттық музейге тапсырылды. Бұған дейін қолдан-қолға өтіп келген қанжарды әлем жұртшылығын таңғалдырған балуанға 1912 жылы Ыстанбұлдың әкімі Шағыр паша сыйлаған көрінеді.
Туризм • 25 Желтоқсан, 2023
Экономикасын туризм саласы арқылы көтеріп отырған мемлекеттердің көбі мұхит немесе теңіз жағасында орналасқан жұмсақ климатты аймақтар. Таиланд, Түркия, Араб әмірліктері, Мальдив аралдары құмды жағалауымен, жағымды ауа-райымен туристерді қысы-жазы қабылдайды. Алайда Франция жоғарыда аталғандардың біріне ие болмастан, саяхатшылар ағылып баратын елдер тізімінде көш бастап тұр. Туризм алпауыттарына айналған бұл елдер қомақты қаржы бөліп, осы саланы дамытуда алдына жан салмайды.
Алматы • 25 Желтоқсан, 2023
Ясауи мұрасын ұлықтауға арналған конференция өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және түркі халықтарының рухани әлемі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тағылымды іс-шараны ҚазҰУ мен Халықаралық түркі академиясы бірлесіп ұйымдастырды.
Саясат • 25 Желтоқсан, 2023
Қазақстан – Қатар: Ықпалдастықты кеңейту
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қатар мемлекетінің Қазақстандағы елшісі Абдулазиз бен Сұлтан Әл-Румейхимен кездесу өткізді.