Ән • 25 Желтоқсан, 2023
Көкжиектегі бұлттай көшкен жылдар тізбегіне көз тастағанда ондаған ойдың құрсауында қалатынымыз бар. Бірде деректі, бірде дерексіз дүниелер сананы сан саққа жүгіртеді. Өткенге қарайлап отырып, тұңғиыққа батасың, кіршіксіз кісінің көңіліне сиядай немесе қылаудай болсын дақ түсірдім бе деп те ойға шомасың.
Таным • 25 Желтоқсан, 2023
Әлқиссаны аңыздан бастайық.Бірде Прозерпина құрбыларымен өзен жағасынан гүл теруге барып, жерасты құдайының көзіне түседі. Плутон оның Адониске деген сезімін біле тұра, қызды күймеге отырғызып ала қашады. Желмаядай жүйткіген күйменің алдында жер қарс айырылып, сүйгеніне қолы жеткен Плутон өлілер мекеніне еніп кете барады. Алайда Церера жанына жақын, нәзік қызын шарқ ұрып жүріп іздеп тапқан соң, оны қайтарудың амалын ойлайды. Плутон қаламаса да, жіберуге мәжбүр болады. Кетерінде қызға анар ұсынады. Неше күн бойы нәр татпаған тұтқын қыз жемісті қомағайлана жеп қояды. Аңғал ару жерасты құдайы қып-қызыл лағыл іспетті дәндерді «Сүйгенім жерасты патшалығын ұмытпасын, маған қайта оралуды қаласын» деген ниетпен бергенін білмеген еді. Міне, содан бері Прозерпина алты айын тірілер, алты айын өлілер мекенінде өткізеді деседі.
Кино • 25 Желтоқсан, 2023
«Қожа» фильміне кейіпкерлер қалай таңдалды?
«Менің атым – Қожа». Атауын естігеннен-ақ көңіліңде бір жылылық ойнап сала береді. Себебі бұл фильмде әрқайсысымыздың балалығымыз, тәтті естеліктеріміз жатыр. Талай буын көрерменді тәрбиелеген сол теңдессіз туынды – «Менің атым – Қожаның» түсірілгеніне биыл 60 жыл толыпты. 1963 жылы жарыққа шыққан фильм режиссер Абдолла Қарсақбаевтың кинодағы тырнақалды жұмысы ғана емес, шығармашылығының ең табысты жемісі де. Айтулы фильм режиссерден бөлек, ондағы ойнаған әрбір актердің жұлдызын жақты. Жарты ғасырдан астам уақытты тарих қойнауына жіберіп те бүгін біз «Менің атым – Қожа» туралы сөз қозғап отырсақ, ол өлмес классика тудырған қос алыптың қайталанбас суреткерлік қолтаңбасының құдіреті болса керек.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2023
Қазір талдықорғандықтар Жетісудың орталығын шағын шаһар санамайды. Зәулім үйлер мен әсем ғимараттар жыл санап артып, жаңа шағын аудандар түрленіп келеді. Жылдар бойы қордаланып қалған тұрғын үй мәселесі де шешімін тауып жатыр. Маңайындағы ауылдар мен саяжайлар көгілдір отынға қол жеткізіп, ауыз сумен қамтамасыз етілді. Қала басшысы Ернат Бәзіл халық ішінде жүр, әрбір тұрғын мәселесін әкімге ашық айта алады.
Көрме • 25 Желтоқсан, 2023
Мемлекеттік орталық музей мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы бірлесіп Түрік Республикасының 100 жылдығына арналған түркиялық әйгілі керамика шеберлері Ибрахим Кушлу мен Джумхур Айгүннің «Түркия ғасыры: Ата-бабаларының отанындағы Анадолы әйнектері, керамикасы және өрнектері» атты өнер көрмесін ашты.