Білім • 08 Желтоқсан, 2023
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы білім алушыларды бағалау жөніндегі PISA-2022 халықаралық бағдарламасының нәтижелерін жариялады. Онда 81 мемлекеттен қатысқан 15 жастағы білім алушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылығының деңгейі бағаланды.
Ұстаз • 08 Желтоқсан, 2023
«Атасу кентіндегі Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің мұғалімі Нұргүл Шамаева әрқашан жаңашыл ізденістерімен ерекшеленіп жүреді. Ойлап таппайтыны жоқ. Қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысады. Білікті де білімді ұстаз. Шәкірттеріне ардақты, ұжымына құрметті». Аталған мектептің директоры Салтанат Байшөкенова Нұргүл туралы осылай деді. Біз мектеп басшысы мақтауын жеткізген мұғаліммен танысқанша асықтық.
Айбын • 08 Желтоқсан, 2023
Жастар бойында отаншылдық сезімді қалыптастыру және оларға әскери-патриоттық тәрбие беру – қай уақытта да мемлекетіміз үшін маңызды басымдықтардың бірі. Осы мақсатта бес жыл бұрын Қорғаныс министрлігі өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігін құрған болатын.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2023
Түркі дүниесіндегі заңғар жазушы
Алматыда республикалық Достық үйі, «Мурас» қырғыз этномәдени бірлестігі, Қазақстан Жазушылар одағы заңғар жазушы, қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Әуезов және Айтматов: қырғыз-қазақ руханиятының алтын діңгектері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Табиғат • 08 Желтоқсан, 2023
Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына шетелдік туристер жиі келеді. Өйткені Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасына таяу орналасқан бұл қорықта құстың 292 түрі кездеседі. Сирек құстың 36 түрі еліміздің Қызыл кітабына енгізілген. Мұнда сирек кездесетін өсімдіктер де бар.