Экономика • 05 Желтоқсан, 2023
Ауыл шаруашылығына инвестиция тартуда көшбасшы аймақ
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Журналистердің облыс тыныс-тіршілігіне қатысты қойған сұрақтарына жауап берді.
Денсаулық • 05 Желтоқсан, 2023
Қызылшаны ұжымдық иммунитет жеңеді
Елімізде қызылша ауруы әлі бәсеңдемей тұр. Бұл дертпен сырқаттанушылардың күрт өсуі Үкіметте күн тәртібінен тыс жиын өткізуге түрткі болды. Бүгінде жұқпалы дерт еліміздің барлық аймағына таралып үлгерді. Соның ішінде ауруды ең көп жұқтырғандар – Шымкент пен Алматы қалалары.
Қылмыс • 05 Желтоқсан, 2023
Жезөкшелік – қоғамның дерті. Өкінішке қарай құқық қорғау органдары тарапынан бұған қарсы ымырасыз күрес жүргізіліп жатса да, жаман кәсіпті нәсіпке айналдырғандар айылын жияр емес.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2023
Дзюдодан Токиодағы «Grand Slam» турнирі өз мәресіне жетті. Жылдың қорытынды жарысында 20-ға жуық мемлекеттің өкілдері жеңіс тұғырына көтеріліп, өз жанкүйерлерін қуантты. Сонымен қатар әлемдік рейтингтегі жағдайын біршама жақсартып, Олимпия ойындарына тағы да бір табан жақындай түсті. Дзюдо күресін бүге-шігесіне дейін меңгерген алпауыттарды айтпағанда, спорт саласы тұралап қалған Түрікменстан, алақандай Молдова мен Тайпейдің түлектері де бір-екі медальді қоржынға салды. Өкінішке қарай, қанжығасы майланғандардың қатарында еліміздің бір-бірде балуаны жоқ.
Алматы • 04 Желтоқсан, 2023
Сән үлгісі қымбат па, арзан ба?
Қазіргі таңда қатып қалған сән үлгісі жоқ екендігі баршаға аян, бүгінде мынау «мода» екен деп, елдің бәрі бірдей киінбейді. Себебі алуан, біреуге жарасатын түс, екінші адамға үйлеспейді, біреуге арзан дүние екінші адам үшін тым қымбат. Оның үстіне қазір жұрттың таңдау еркі мен талғамы бар.