Аймақтар • 27 Қараша, 2023
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Онда облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің басты жетістіктері туралы, сондай-ақ биылғы 10 айдың қорытындысы туралы айтты.
Спорт • 27 Қараша, 2023
Мырзағали АЙТЖАНОВ, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері: Іріктеу турниріне мықтылар барады
Өткен аптада Астана қаласында бокстан Қазақстан спартакиадасы өз мәресіне жеткен-ді. 176 боксшы 13 салмақ бойынша өзара жеңімпазды анықтады. Спартакиададан кейін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов финалдық жекпе-жек жайында пікірін білдіріп, кімдердің құрамаға шақырылатыны, оларды қандай жарыстар күтіп тұрғанын ортаға салды.
Банк • 27 Қараша, 2023
Осы күндері «Отбасы банктің» қайта құрылымдалуына байланысты әңгіме көбейді. Бұл негізі алып-қашпа әңгіме емес, жүйелі шешім еді. Мәжіліс мінберінен мұны Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың өзі түсіндірді. Яғни аталған банк енді ұлттық даму институты ретінде қызмет көрсетпек.
Қазақстан • 27 Қараша, 2023
Осыдан бір жыл бұрын 20 қарашада елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Мемлекет басшысы бір мерзімді жеті жылға сайланды. Ендеше, жауапты кезеңнің алғашқы жылы қалай өтті? Қандай жұмыстар атқарылды?
Қаржы • 27 Қараша, 2023
Баға мен базалық ставканың текетіреске түскеніне жылдан асып барады. Бұрын 9 пайыздық инфляцияның өзін қымбатсынушы едік, қазір соған жету мұң. Әсіресе Ресей-Украина дүрбелеңінен кейін шырқап өскен баға барымызды барымталап кеткендей әсер қалдырды. Баяғы арзан дүние көзден бұл-бұл ұшты. Инфляция 21 пайызға бір-ақ жетті. Енді «базалық ставка» дейтін қаруын іліп, Ұлттық банк кетті бағаның ізінен. Апталап жүріп, айлап жүріп, инфляцияның иығына әрең қол іліктіріп, жылға жуық уақыт дегенде 10,8 пайызға (қазандағы жылдық мән) төмендетіппіз.