Халық • 16 Қараша, 2023
20 миллионыншы тұрғын да – жетісулық
Жетісумен қалай мақтансақ та жарасатындай. Еліміз- дегі 18, 19 миллионыншы тұрғындар Жетісу өңірінде дүниеге келгені белгілі. Енді, міне, 20 миллионыншы тұрғын да Талдықорғанда дүниеге келді.
Аймақтар • 16 Қараша, 2023
Ұлтымыздың қатпар-қатпар тарихы құшағына сыйдырған Ұлытауда Қазақ елінің 20 миллионыншы азаматы дүниеге келді. Сәби Сақ патшайымы Тұмар ханымның есімін иеленді.
Отбасы • 16 Қараша, 2023
Еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған бес сәбидің бірі Атырау қаласында өмірге келді. Жұмағазиевтер отбасындағы тұңғыш сәбидің есімі – Мұхаммад. Кеше Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қалалық перинаталдық орталыққа барып, ақжолтай қуанышқа кенелген отбасыны құттықтады. Сәбидің туу туралы куәлігін ата-анасына табыс етті.
Отбасы • 16 Қараша, 2023
Еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған 5 баланың бірі Түркістан облысының Жетісай ауданында дүниеге келді.
Отбасы • 16 Қараша, 2023
Бурабай баурайындағы шілдехана
Исі Алаш баласын сүйсіндірген жиырма миллионыншы сәбидің бірі аруақ қонып, нар шөккен қасиетті Бурабай баурайында дүние есігін ашты.