Білім • 10 Қараша, 2023
Балабақшаға қабылдаудың жаңа тәсілі
Қоғамда балаларды балабақша кезегіне қоюға қатысты шағымдар жиі айтылады. Бұл туралы кезінде газетімізде жарияланған «Кері кеткен кезек» атты мақалада ашып жазғанбыз. Балабақшаға қабылдау кезінде қағаз құжаттар жинау да жұмысбасты ата-ана үшін оңай шаруа емес-ті. Бірақ енді бәрі басқаша болмақ. Өйткені мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама берудің, кезекке қою мен есепке алудың бірыңғай базасы құрылады.
Медицина • 10 Қараша, 2023
Робот көмектескен ортопедиялық операция
3 қарашадан бастап Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухана хирургтері роботтың көмегімен тізе мен жамбас буындарын ауыстыру операцияларын бастады. Бұл – роботтың қатысуымен жасалған еліміздегі алғашқы ортопедиялық операция.
Денсаулық • 10 Қараша, 2023
Қызылшадан вакцина ғана қорғайды
Қазір елімізде қызылша жұқтырған балалардың саны күрт артып кетті. Эпидемиялық ахуалдың бұлай ушығуы бұл дертке қарсы жаппай иммундауды қажет етіп отыр. Өйткені ауру жұқтырып жатқандардың дені – дер кезінде екпе алмағандар.
Инвестиция • 10 Қараша, 2023
Егемендіктің елең-алаңында қазақ құшағына өзегін жарып шыққан өз инвесторын сыйдыра алмады. Ішкі нарықтан шыққан ортанқол инвесторлардың жолына тосқауыл қойып, шетелдіктерге басымдық берді.
Қоғам • 10 Қараша, 2023
Бүгінде аудан, қала, облыстың бәлен жылдығы деген мерейтойлар көп. Мұндай мерейтойлар аясында атқарылатын іс-шаралар – бірнеше бетке жүктелген жоспар, ала шапқын болған орындаушыларға үйіп-төгілген тапсырма. Ал шындығына келгенде, той өткеннен кейін ізі де қалмайтын іс-шараларға бөлінген қаржы, кеткен уақыттың бәрі зая.