Саясат • 22 Қыркүйек, 2023
Жаһандық қауіпсіздікті байыптаған
Америкалық «The Hill» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланды. Мұнда Президент БҰҰ-ны, халықаралық қоғамдастықты жаһандық мәселелерді шешуде бірігіп әрекет етуге шақырады. «БҰҰ Бас Ассамблеясы адамзаттың ғасырлық болашағын айқындауға баса мән беруі керек» атты осы мақалада басқа да өзекті тақырыптар көтерілген.
Өндіріс • 22 Қыркүйек, 2023
Азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігі
Астанада «Азық-түлік сапасы мен қауіпсіздігі» атты бірнеше күнге созылған халықаралық конференция өтті. Тақырып аясы ауқымды іс-шараны С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (ҚАТЗУ)мен Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достастығы университеті (РУДН) бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияға отандық, шетелдік ғалымдар мен ауыл шаруашылығы саласының білікті мамандары қатысты.
Шаруашылық • 22 Қыркүйек, 2023
Бағдарламаны жүзеге асырудағы түйткілдер
«Ауыл аманаты» бағдарламасы – ауылдағы ағайынның тұрмыс деңгейін түзейтін бірден-бір бастама. Дегенмен, халық пен бағдарламаға жауапты мекеменің арасындағы байланыс нашар секілді. Пайызы аз, пайдасы көп қаржыға өтініш білдіргендер ала шапқын болып жүр. Облыста 581 тұрғын кәсібім дөңгеленеді деп күтіп жүрген еді. Әйтсе де, құжаттары талапқа сай болмай, талайының меселі қайтып жатыр.
Сұхбат • 22 Қыркүйек, 2023
Елдің болашағын қалыптастыратын – мектеп. Бүгінгі таңда ата-ана ақшасы жетсе, баласын мемлекеттік емес, жекеменшік мектепте оқытқысы келеді. Оның жалпы мектептен артықшылығы қандай? Бұл білімдегі бәсеке ме әлде бизнес пе? Осы туралы Ұлттық бизнес және инжиниринг мектебінің негізін қалаушы, экономика ғылымдарының кандидаты Гүлмира Қорғанбаевамен әңгімелескен едік.
Спорт • 22 Қыркүйек, 2023
Кеше Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Атлетикалық ауылда еліміздің Мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді. Көк туды көтеру салтанатына ел құрамасының спортшылары мен спорт саласын басқарушы мамандар қатысты. Іс-шара барысында бес мемлекеттің – Қазақстан, Бутан, Ирак, Оман, Бахрейн тулары көтеріліп, әнұрандары шырқалды. Ресми іс-шарада біздің құрама қыз-жігіттерінің қатары өзге елдің спортшыларынан анағұрлым көп болды. Ел делегациясын Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт департаментінің директоры Елсияр Қанағатов, комитеттің бас хатшысы Андрей Крюков, Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова, бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов, регбиден ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Анна Яковлева, бокстан әлем чемпиондары – Асланбек Шымбергенов, Сәкен Бибосынов, Махмұт Сабырхан бастап шықты.