Кәсіпқой бокс • 19 Қыркүйек, 2023
Танымал vRINGe.com сайты кәсіпқой боксшылардың рейтингін жариялады. Өкінішке қарай, үздіктер тізімінде Қазақстанның бірде-бір өкілі жоқ.
Кәсіпқой бокс • 19 Қыркүйек, 2023
Ұлыбританияның танымал кәсіпқой боксшысы Крис Юбенк еліміздің мақтанышы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды. Әлеуметтік желі арқылы ол GGG-ге «Мен Генамен бұрыннан бері жұдырықтасқым келіп жүрген. Бірақ реті бір келмеді. Енді біздің бетпе-бет келуімізге еш кедергі жоқ деп ойлаймын. Егер Головкин қаржылық жағдайын жақсартқысы келсе, менімен күш сынассын. Сонда ол материалдық тұрғыдан үлде мен бүлдеге оранады» деген жазба қалдырды.
Спорт • 19 Қыркүйек, 2023
1994 жылдың қоңыр күзінде Жапонияның Хиросима қаласында ХІІ жазғы Азия ойындарының алауы тұтанды. Аталған жарыста Қазақстанның спортшылары алғаш рет бой көрсетті. Сары құрлықтың саңлақтары жиналған дүбірлі додаға жерлестерімізден бөлек, бұған дейін Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан қосылды.
Саясат • 19 Қыркүйек, 2023
Бейбітшілік аясындағы жаһандық қозғалыс
Өткен аптада Израильдің беделді басылымы – «The Jerusalem Post»-қа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Religious leaders can help bring about world peace – opinion» атты мақаласы жарияланды. Мақалада халықаралық қауіпсіздік жүйесі дағдарыс пен белгісіздік кезеңін бастан өткеріп жатқан бүгінгідей геосаяси жағдайда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты іргелі мәселелер көтерілген.
Еңбек • 19 Қыркүйек, 2023
Екібастұздағы №2 мемлекеттік аймақтық электр стансасында (МАЭС) еңбек ететін Сейітжан әулетін білмейтіндер кемде-кем. Кәсіпорындағы әулет мүшелерінің жиынтық еңбек өтілі бүгінде 170 жылдан асып отыр.