Қоғам • 23 Тамыз, 2023
Қартаю үдерісі: Азия-Тынық мұхит есебі 2022
БҰҰ-ның Азия-Тынық мұхит аймағындағы экономикалық-әлеуметтік комиссияның (Economic and Social Commission for Asia and the Pacific, ESCAP) 2022 жылдың «Қартаю жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарын Төртінші қарауы және бағалау бойынша Азия-Тынық мұхиты үкіметаралық кездесуінің» қорытындысы негізінде арнайы есебі дайындалды. Құжатта Орталық Азия елдеріндегі көрсеткіштер де қамтылған. Зерттеу ESCAP мүшелері мен қауымдастырылған қатысушылар қатысқан сауалнама жауабын, азаматтық қоғам ұйымдарының талқылауын және үкіметаралық отырыста қабылданған есеп пен қорытынды құжаттарды қамтиды.
Абай • 23 Тамыз, 2023
«Қазақ тілін үйренуге намыс керек, ағылшын тілін үйренуге әдіс керек» дейтін кейіпкеріміз – Ернат Қашқынов оқушыларға ағылшын тілін Абай арқылы үйретіп жүр. Алғашында еріксіз таңғалғанымыз рас. Абай күні қарсаңында шеберлік сағатына қатысып, ұстаз әдісіне қызыққанымыз сонша – орайын тауып, сұхбат құрып үлгердік.
Құрылыс • 23 Тамыз, 2023
Үлестік құрылыстағы өзгерістер
Өңір халқын сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қай кезде де өзектілігін жойған емес. Содан да болса керек, өңірде үлестік құрылыс саласындағы қордаланған мәселелерді ретке келтіруге айрықша назар аударылып отыр. Жылжымайтын мүлікке сұраныс артқан сайын тұрғын үй сегментіндегі заңды айналып өтетін жосықсыз ұсыныстар көбейе түскені мәлім. Салалық басқарманың қызметкерлері осы мәселелермен күресуге баса ден қойды.
Шаруашылық • 22 Тамыз, 2023
Шаруалар шығыны 7 млрд теңгеге жетуі мүмкін
Тіршілік нәрінің жетіспеушілігінен жамбылдық шаруалар биыл айтарлықтай зардап шекті. Тіпті шіліңгір шілденің кезінде қуаңшылықтың тақырға отырғызғалы тұрғанын ашына айтқан диқандар Үкіметтен өңірлік деңгейде төтенше жағдай жариялауды талап етіп, жанайқайын жеткізген болатын. Ал өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Әлихан Смайылов шаруа шығыны толық өтелетініне сендірген.
Руханият • 22 Тамыз, 2023
Өшпеген жадтағы өлмеген қасиет
Жазушы-журналист, көсемсөз шебері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Жанат Елшібек «Тағдыр желі» атты кітабында соғыстың соңғы тұсы мен тәуелсіздік кезеңін жалғайды. Кіші проза жанрында кеңес заманының картинасы өткенімен, екі кезең тығыз қосақталып суреттелген.