Теннис • 31 Мамыр, 2023
Теннистен «Үлкен дулыға» санатындағы Франция ашық чемпионатының кезекті жарыс күнінде үш отандасымыз кортқа шығып, тек Елена Рыбакина ғана келесі айналымға жолдама алды.
Абай • 31 Мамыр, 2023
Қазақстанда туып-өскен немістер Германияда Абай үйін ашты. 20 жыл бұрын тарихи Отанына оралған Валерий Оствальд Залах қаласында «Қазан» деген атпен қауымдастық құрған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Мамыр, 2023
Президент: Жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе
Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Мамыр, 2023
Халқымызды қырғынға ұшыратқан ХХ ғасырдағы аштық пен қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары Алматы облысында да жүйелі жүргізіліп келеді.
Зерде • 31 Мамыр, 2023
Мал бағумен күнелтіп отырған көшпелі және жартылай көшпелі халықты күштеп отырықшылыққа көшіру саясаты қазақ ауылына аса қатты соққы болды. Бұл ежелден қалыптасқан шаруашылықты біржола қиратты. 1920-1930 жылдары көшпелі шаруашылық елдегі басқа аудандардың экономикасымен ауқымдаса отырып, табиғи шама-шарқын әлі де болса сарқа қойған жоқ еді. Сол кездегі индустриясы дамымаған, өндіргіш күштері әлсіз Қазақстан сияқты табиғи-географиялық ортада көшпелі мал шаруашылығы тиімді болатын. Өйткені жайылымды мал шаруашылығы қазақтың кең-байтақ даласындағы шөлді және шөлейт жерлерді тиімді әдіспен игеріп, соншама кеңістікті өзінің әлеуметтік болмысына қызмет еттіруге бейімдеп, табиғатпен сіңісіп кетудің бірден-бір тәсілі еді.