Тарих • 06 Маусым, 2023
Өткен ХХ ғасыр басында әлем тарихында аса күрделі өзгерістер орын алды. Соның алғашқысы – 1905-1907 жылдары патшалық Ресейде толқу тудырған бірінші төңкеріс болса, екіншісі – 1911 жылы циньдік Қытай елінде үш жүз жыл үстемдік жүргізген мәнжі билігі құлап, қоғамдық-саяси ахуалдың өзгеруі. Осы тұста жаңадан құрылған Қытай мемлекетін ықпалды әскери генералдар, саясаткерлер жеке-жеке бөліп алып билеуге көшті. Атап айтқанда, Сычуань провинциясын бір генерал меншіктеп алса, тағы бір генерал Юань Шикай парламентті таратып, елдің негізгі бөлігін өзінің басқаруына көшірді. Ал Шыңжан өлкесі мен Моңғолия уақытша буферлік күйде болды.
Спорт • 06 Маусым, 2023
Нұрбек ОРАЛБАЙ, бокстан әлем чемпионы: Анамның сөзінен күш-қуат алдым
Мамыр айында Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілген былғары қолғап шеберлері таяуда Алматыға келіп, республикалық бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтың қолынан мол көлемде ақшалай сыйлық алды. Сол кезде жуан жұдырықты жігіттермен тілдесудің реті келді. Бүгін біз сол саңлақтардың бірі Нұрбек Оралбаймен болған әңгімені оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.
Тұлға • 06 Маусым, 2023
Жалау Мыңбайұлы Түркияда ардақталды
Мемлекет және қоғам қайраткері Жалау Мыңбайұлын (1892-1929) кеңестік Қазақ автономиясында елдік-ұлттық құндылықтарды жалғастырған, Алаш зиялыларын қадірлеген, ел мен жер тұтастығына қызмет еткен тұлға ретінде бағалаған дұрыс.
Спорт • 06 Маусым, 2023
Бішкекте өткен Қожомқұл Қабауұлы мен Ратбек Санатбаевты еске алуға арналған рейтингтік турнирді еліміздің грек-рим күресі шеберлері бес (1 алтын+1 күміс+3 қола) және әйелдер күресінің өкілдері үш (2+1+0) жүлдемен қорытындылағаны жайында бұған дейін хабарлағанбыз.
Футбол • 05 Маусым, 2023
Үздіктер ұпайдан шашау шығарған жоқ
Футболдан Еуропа мемлекеттерінің ішкі біріншіліктері аяқталған тұста Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) ойындары бел ортасына таяды. Өткен сенбі-жексенбі күндері командалар ел чемпионатының 12-тур ойындарын өткізді. Турнир кестесінің көш басында келе жатқан «Астана», «Ордабасы», «Ақтөбе» сынды клубтар бұл турда да маңызды үш ұпайларына қол жеткізсе, «Қызылжар» қатарынан үшінші ойында жеңіліп, турнир кестесінде төртінші орынға түсіп қалды.