Энергетика • 07 Маусым, 2023
Экономикалық дамудың басты тетігі – энергетика
Ертең елордада күллі әлемнің назары ауған «Астана халықаралық форумы» басталады. Оған бірқатар елден мәртебелі қонақтар да келді. Дүниеге танымал форумда қаралатын көп мәселенің бірі – энергетика. Құрлықтың қақ ортасындағы Қазақстанның бұл мәселеде де өзіндік айтары бар...
Әлем • 07 Маусым, 2023
Қазақстан экономикалық қарым-қатынаста көпқырлы саясатты ұстанады. Біздің мемлекет әлемнің барлық елімен бірдей сауда-саттық, экономикалық байланысты нығайтуға мүдделі. Әсіресе көрші елдермен интеграциялық ықпалдастық бүгінде жоғары деңгейге көтерілген.
Қоғам • 06 Маусым, 2023
Әлемдік зерттеулерде өзге тақырыптармен қатар журналистика мен медиадағы болжамды бағамдап отыру әдетке айналған. Күнделікті өмірге сіңіп кеткен медиа саласының бетбұрысы, үрдісі қандай? Осы орайда Оксфорд университеті, «Reuters» журналистиканы зерттеу институты мен «Google жаңалықтар бастамасы» бірлесіп жүргізген зерттеуі назар аударуды қажет етеді. Өткен жылы жарық көрген «Журналистика, медиа және технология трендтері мен 2023 жылғы болжамдар» атты есеп 53 мемлекеттегі 303 жетекші медиакомпания басшысынан алынған сауалдамаға негізделген. Сауалдама нәтижесінде келесідей бірқатар үрдіс анықталған:
Шаруашылық • 06 Маусым, 2023
Тарбағатай: Түйіні шешілмеген түйткіл көп
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіп саласын дамыту туралы тапсырмалары, осы саланың маманы болғандықтан, мені де бейжай қалдырмады. Қолыма қалам алып, өз көрген-білгенімді ой елегінен өткізіп, ортаға салғым келді. Кеңес одағы тарағаннан кейінгі дағдарысты біздің Тарбағатай ауданы да бастан кешті. Облыстар мен аудандар қысқарды. 1997 жылы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауданына қосылды. Бұл жағдай халықтың әл-ауқатының төмендеуіне әкеліп соқты.
Сұхбат • 06 Маусым, 2023
Ұлттық мәртебеге мүдделі театрлар ұлтқа жақын ба?
Әр кезең өз авторын туғызады. Өміршең классиканың көрерменге берері де, үйретері де көп. Алайда өз дәуіріне үн қатқан, өз уақытының жүгін көтерген заманауи драматургтердің шығармалары театр сахнасында әрдайым кешегі кезең туындыларымен бірдей деңгейде көрініс таба бермейді. Бүгінгі драматургтер қоғам тарапынан «Шекспир мен Чехов сияқты жаза алмайсыңдар» деген өткір сынды жиі естиді. «Жазған пьесам сахнада қойылмайды» деп немесе қойылған күнде де, «іштен шыққан шұбар жылан», көз майын тауысып, жан жүрегімен жазған пьесасының режиссерлердің «пышағына» ілініп, аяусыз туралып, жұтаң тартып шығатынына наразы драматург өзінше өкпелі. «Олардың жазған пьесалары жарамсыз. Сюжеті солғын, идеясы әлжуаз, кейіпкер характерлеріне дейін ұқсас, қарабайыр, тартымсыз» деп режиссер шарасыздық танытады. Драматург пен театрдың, драматург пен режиссердің арасындағы байланыстың белгілі бір жүйеге түспеуі – бүгінгі қазақ театрының шешімін күткен өзекті мәселелерінің бірі. «Драматург – режиссер – көрермен» тізбегінде жұмыс істейтін театрлар өз репертуарын жасайтын автор-драматургпен шығармашылық байланысын қамтамасыз ететін заманға сай оңтайлы тетіктерін таба алған жоқ. Ортақ мәмілеге келе алмай тартысып жүретін екі тараптың пікірталасы толассыз айтылып келе жатқанын ескергеннен болар, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, танымал театр сыншысы, өнертану кандидаты Амангелді Мұқан драматургтер мен театр режиссерлерінің басын қосып, күрделі мәселенің көлеңкесі мен күнгейі туралы әңгіме өрбітті. Ұлттық әдебиеттің бас драматургі М.Әуезовтің Музей-үйінде өткен жиынға жиырмадан астам театр маманы қатысты. Шығарма талантты автордың қаламынан туса, жазылған дүние мазмұн жағынан терең, мәселе қою жөнінен өткір болса, театр сахнасында қойылуына не кедергі? Оларды қалай жақындатуға болады және театрға, көрерменге қажетті сапалы пьеса жазуды қалай жолға қоюға болады? Міне, бұл – сұрақ. Мақсаты – мәселенің басында тұрған екі тарапты, екі үлкен шығармашылық топ – автор-драматург пен театрды (режиссер, директор) жақындастыру.