Бокс • 08 Маусым, 2023
Аслан ШЫМБЕРГЕНОВ, бокстан әлем чемпионы: Рингте босаңсуға болмайды
Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында атой салған саңлақтарымыздың арасында ең тәжірибелісі – команда капитаны Асланбек Шымбергенов. 71 кило салмақта күш сынасып жүрген бұл боксшының жанкүйерлер назарына іліккеніне 10 жылға жуықтады. Сол кезден бері ол бірқатар аса ірі халықаралық жарыста жеңіс тұғырына көтерілді. Бірақ Асланбекке көпке дейін дүниежүзілік додаларда даралану бақыты бұйырмады. Соған қарамастан, қазақтың өр мінезді ұлының жігері жасыған жоқ. Ол өзінің жұлдызды сәттері әлі де алда екеніне кәміл сенді. Ақыры табандылығының арқасында көздеген мақсатына қол жеткізіп, әлем чемпионы атанды.
Тұлға • 07 Маусым, 2023
Тарихи атшабарды қайта ашқан азамат
1916 жылы мамыр айында қазақ елінің болыстарын Семей қаласында жинаған Әлихан Бөкейхан: «Қазақ елі енді жеке мемлекет болды!» деп зор қуанышпен хабарлады. Осы жиналысқа Жаркенттен Мұқа Әжібекұлы да қатысқан еді. Бұл жөнінде «Қазақстан» баспасынан 1970 жылы жарық көрген Шабдан Байбатшаевтың «Бел-белестер» атты кітабында деректер берілген. Семейде өткен осы жиналыстан елге келісімен болыс Мұқа Әжібекұлы халық белсенділерін жинап, шілде айында Жаркент қаласының жоғары жағындағы Қарадалада қазақ елінің жеке мемлекет болып жариялануына арнап ат бәйгесін өткізу ниетін білдіреді. Ел ағалары Мұқа болыс айтқан осы ат бәйгесіне үлкен қуанышпен жан-жақты дайындалған. Қарадала ат бәйгесін өткізуге сұранып тұрған жер еді. Өйткені ұзындығы 4 шақырымға созылған, биіктігі етегіндегі жазықтан 10 метрдей текшеде тұрып, ат бәйгені емін-еркін көре алатындай ыңғайлы орын болатын.
Таным • 07 Маусым, 2023
«Арқада бір өзенді дер Обаған...»
Обаған – Қостанай өңірінің оңтүстігіндегі Шолақсай маңындағы далалық алқаптан бастау алып, солтүстіктегі Тобыл өзеніне құятын, ұзындығы 370 шақырымнан асатын өзен. Ол өзінің ағыс жолында Құсмұрынға құйып, Қарақамыс, Теңіз сынды бірнеше ірі көлді жағалай келе Тобылмен тоқайласып, одан әрі Ертіске, Ертіс – Обьқа, Обь – Қар теңізіне, Қар теңізі Солтүстік мұзды мұхитқа ұласады. Демек, Обаған – Ұлы дала төсіндегі кішігірім жылғалардан басталып, алыстағы алып мұхит қойнауында байыз табатын өзен.
Экология • 07 Маусым, 2023
Кім-кімді болса да Арал теңізі теміржол стансасының қарсы бетіндегі көлемді тұзды сор мәселесі ойлантпай қоймайды. Тіршілік еткен соң қайсыбір жылдары қаладағы сортаң мен сор жерлерді топырақпен көмгенде, бұл тұзды сор неге ұмыт қалған? Әлі күнге дейін көпшілікті таңғалдырып келеді. Бөлінген бюджет қаржысы аз болды ма, әлде күші жетпеді ме?
Жәдігер • 07 Маусым, 2023
Отырар ежелгі заманнан-ақ қаласында ғылым мен мәдениет, сауда өндірісі, даласында егін, мал шаруашылығы қатар дамыған әлемдік мәдениеттің ірі орталықтарының бірі болған. Ежелгі жазба деректерде: «Отырардың аумағы ұзындығы мен еніне қарай шамамен бір күндік жер болған». Яғни Отырар сол кезде 200 гектардай жерді алып жатқан.